Main
News
23.05.2022 «Спорт - жанның қуат көзі» спорттық-сауықтыру практикумы
2022 жылдың 20 сәуірінде «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық, рухани-адамгершілік, мәдени-ағартушылық бағыттары бойынша Г.К.Ширинбаеваның жетекшігімен «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс ерікті-студенттері: Керімбай Т., Серікбай Б., Дүйсенбай А., Разакбай А., Нурсапина А., Өмірзаққызы Ш., Өшекен А. Алматы қаласының «ЕРЗИ» әлеуметтік-реабилитациалық орталығының мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандары үшін «Спорт - жанның қуат көзі» спорттық-сауықтыру практикумы шығармашылық іс-әрекет шарасын өткізді.
Түзету бағдарламасын іске асыру барысында еріктілер шығармашылық белсенділік рефлексиясын дамытуға ықпал ететін оңалтудың кешенді әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарын қолданды: тыныштық сәті (тыныштық... менің ойымда, сезімімде, жанымда...айналамда... тыныштық бүкіл әлемде); таңертеңгілік гимнастика, спорт элементтері бар ойын жаттығулары, шахмат, «Күшті қол» жарысы; арбаларды мәнерлеп жүргізу; бейнероликті қарау және талқылау; «Адам-адамға...» (Практикум тренинг); топпен ән айту; би музыкамен жұптасып, қатысушылар-мүгедектер арбасында өнер көрсетті. Әр түрлі спорттық ойындарда өздерін сынап көре отырып, қатысушылар өздерінің қабілеттерін және не істей алатынын жан дүниесімен көрсетті. Еріктілер достық атмосферада өткен іс-шарада таланттарды аша алды. Жарыс қорытындысы бойынша спорттық сергектік қуатын алған барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және шай ішуге арналған тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Рефлексивті іс-әрекетте іс-шараға қатысушылар еріктілердің қолынан ізгі тілектермен сыйлыққа кітаптар алды, ал осы кітаптардан үзінділерді оқу мен диалогтардағы әңгіме-ой толғау олар үшін рухани-сауықтыру күні туралы естелік ретінде қалды, бұл оларға әрі қарайғы өмір үшін жанға қуат беру көзі болып табылады.
«Мейірім» еріктілер клубы |