Main
News
30.09.2022 Мектептегі педагогикалық практика бағалы тәжірибе береді
Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары Р.К.Оразова мен А.Раева тәжірибеге жауапты студенттердің ашық сабақтарына қатысып, кәсіби кеңестер берді. Мектеп директоры, оқу бөлімінің меңгерушісі, басқа да пән мұғалімдері ашық сабақтарға арнайы уақыт бөліп, оларды талдауға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салуы тыңдаушыларға жақсы көмек болды. Мұндай іс-шаралар мектеп пен университет арасындағы байланысты одан әрі дамытуға оң әсерін тигізіп, болашақ ұстаздарды даярлау сапасын арттыруға қызмет ететіні сөзсіз.
|