Проректор «Мектепті басқару жүйесі» тақырыбында тренинг өткізді
Кеше, 19 қазанда Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов Honors College қосымша білім беру жобасы бойынша 100 студентке «Мектепті басқару жүйесі» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында мектеп директорының, қамқоршылық кеңесінің рөліне және басқару мақсаттарына жетудегі қаржыландыруға ерекше назар аударылды. Проректор студенттермен Harvard Business Review-те жарияланған мектеп көшбасшыларының түрлері бойынша зерттеу нәтижелері туралы айтып, РФММ кейсі және осы мектептегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті, әлемнің барлық өркениетті елдерінде басты басымдық білім беруге берілетінін, ол дамудың басты көрсеткіші екенін атап өтті. Ол үшін мықты кадрлар, әсіресе кәсіби педагогтар қажет.
«Бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыруда мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының атқаратын рөлі өте маңызды. Сондықтан жоғары білікті мамандарды даярлау - Абай атындағы ҚазҰПУ үшін де басты міндет саналады. Осы жылдың қыркүйек айында Honors College студенттері еліміздегі ең мықты орта оқу орындарының бірі - Алматы РФММ-де өндірістік тәжірибеден өтті. Болашақта мұндай тренингтер жалғасын табатын болады», - деп өз ойын түйіндеді Шыңғыс Нұрланов.
20.10.2022 ж.
Ақпарат көзі: qazaq1913.com