қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.10.2022

Педагогикалық практиканы өткізудің маңызы және ұйымдастырудың мәселелері


Абай университеті Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Педагогикалық практиканы өткізудің маңызы және ұйымдастырудың мәселелері» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Мансап орталығының басшысы Сауле Калибекова және қызметкерлері, институттар бойынша практикаға жауапты жетекшілер қатысты.


Жиналыста 4 курс бакалавриат студенттерінің педагогикалық практика барысын нақтылап, практиканың өту форматын және де алдағы өткізілетін іс-шаралардың тақырыптары айтылды. Хайрулла Жанбеков ең басты мәселе практиканың сапалы өтуі екенін атап өтіп, соған байланысты студенттердің келуін онлайн түрде бақылау мақсатында QR парағын орнату қарастырылып жатқандығын хабарлады. 3-4 курс баклавриат студенттері биылғы оқу жылынан бастап ауылдық аймақтағы білім беру мекемелерінен педагогикалық практиканы өте алмайтындығы ескертілді. Институт бойынша практикаға жауапты жетекшілер өз ойларын және практиканы ұйымдастыру кезінде болатын мәселелерді ортаға салып талқылады. 31 қазан - 4 қараша аралығында институтішілік педагогикалық кеңес ұйымдастырылып, бұйрыққа сәйкес студенттерімізге тағайындалған жетекшілер мектептің басшылығы мен мектепке таныстыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды. Жиналысты қорытындылай келе, Сауле Калибекова педагогикалық практиканың нәтижесін көру мақсатында күнделікті саралау жасай отырып, және оларға талдау жасауға үйретіп, бұл бақылаулардың нәтижелерін практика бойынша күнделікте белгілеу қажеттігін, сапалы практикадан алған білімін қорытынды анализ жүргізу үшін, кафедра меңгерушілерінің қадағалауымен іс-шаралар ұйымдастыруын, жасалуы тиіс іс-шаралардың тақырыбы, форматы және мерзімі берілетіндігі, мерзімге сай әр институт іс-шараның есебін беретіндігін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=