Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстың талқылануы
2022 жылдың 3 қараша күні Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының кеңейтілген отырысында «8D01510-Химия педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша Медетбаева Салиманың философия докторы дәрежесін алу үшін «Ойын арқылы химияны оқытуда ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланды.
Отырыс оффлайн және онлайн форматта өтті. Ғылыми диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ-да орындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
Ахметов Нурлан - п.ғ.д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Шиян Надежда - п.ғ.д., профессор, В.Г. Короленко атындағы Полтава ұлттық педагогикалық университеті (Полтава қ., Украина).
Рецензенттер:Шоқыбаев Женіс - п.ғ.д., профессор, Нурахметова Айгүл - п.ғ.к., доцент.
Талқылау отырысы барысында Медетбаева Салима «Ойын арқылы химияны оқытуда ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану» тақырыбындағы диссертациялық жұмысымен таныстырды. Диссертациялық жұмыстың мақсаты, міндеттері, өзектілігі, ғылыми жаңалығы, эксперменттік бөлімінің нәтижелері келтірілді. Химия кафедрасының профессор-оқытушылары ғылыми жұмыстың негізінде көптеген сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Кафедра отырысында диссертант Медетбаева Салиманы қорғауға жіберуге бірауыздан шешім қабылданды.