Main
News
13.04.2017 МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ 10-12 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-де Педагогика және психология институты Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен республикада тұңғыш рет Магистранттардың ғылыми олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан 13 команда қатысты: Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚПУ, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы МПУ, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттары қатысты.
10 сәуір күні Магистранттар олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. 10-12 сәуір аралығында сағат 9.00 - 17. 00 дейін командалар V кезеңде: «Балаға жүрек жылуы: мұғалімдер тағдыры» тақырыбындағы командалық шағын зерттеу жұмысы, «Ғылыми хабарлама», Жазбаша жұмыс: ұсынылған мақалаға пікір жазу, «Ғылым және зерттеуші тұлғасы» тақырыбы бойынша ғылыми пікірталас, «Ғылыми эрудиция/ой-өріс» байқауы секілді кезеңдерде өз бақтарын сынады. Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы қазылар алқасының шешімімен Олимпиадада озық шыққан 13 магистранттың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, мадақтау грамоталарымен марапаттауға ұсынылғанын жариялады. Барлық қатысушыларға сертификаттар және естелік сыйлықтар берілді. Олимпиадада үздік шыққан алты команда І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен кубок, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. І - орын - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті командасы ІІ - орын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. ІІІ - орын: Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
|