қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.11.2022

Жас ғалымдардың Егей университетіне ғылыми сапары


2022 жылғы 6 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының жас ғалымдары AP13067661 «Қазақстанның Интернет-әдебиеті: негізгі көркемдік үрдістер» ҚР ҒЖБМ жобасы аясында Егей университетіне (Измир, Түркия) келді. Жобаның мүшелері PhD докторы Нұрбаева Аида, педагогика ғылымдары магистрлері Байболов Әлібек, Умарова Ақмарал және докторант Молдағали Мадина белгілі түркітанушы, Түркі әлемін зерттеу институтының профессоры Фикрет Түрікменмен кездесті. Профессор жас ғалымдарды жылы қарсы алып, жобаның зерттеу тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті және Түркияда интернет-әдебиеттің дамуы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, профессор жас ғалымдарға жеке ғылыми жұмыстары бойынша кеңес берді.

 

Кездесуден кейін жоба мүшелері профессордың кітапханасына барып, белгілі әдебиеттанушы ғалымдардың жұмыстарымен танысты. Жиналған ақпарат негізінде аналитикалық және салыстырмалы талдау жасалында. Жоба аясындағы әлемдегі интернет-әдебиетті зерттеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

 

  alt=  

 

  alt=