қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.12.2022

Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі


2022 жылдың 25 қараша-2 желтоқсан аралығында Алматы облысы, Іле ауданы Боралдай кенті №40 орта мектепте Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Табиғатты аялайық!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Бұл аталмыш шараны мектеп директоры Гулзира Ижанова бастаған ұжым өткізді.


Іс-шара барысында мектеп оқушылары және ұстаздар «Green scholl» жоба жетістіктерімен, республикалық «Зерде», «Дарын» байқауларында жүлделі орын алған жобаларымен таныстырды, қызықты сахналық көріністер көрсетті. Аталған іс-шараға ғылыми-зерттеушілік жобалармен бірлесіп жұмыс жасау мақсатында Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Қорғанбаева, студенттер мен магистранттар қатысып, тәжірибе алмасты.


«Ғылымның дамуы - бәсекелестіктің кепілі» тақырыбында Жаратылыстану пәндері онкүндігінің жабылу іс шарасы өткізілді. Іс-шара барысында бірлестік жетекшісі Гүлзира Байділдаева жоспарға сәйкес өткізілген ұстаздардың ашық сабақтарының ұтымды тұстарын атап, қысқаша есеп беріп өтті. «Табиғатты аялайық!» тақырыбындағы суреттер байқауының жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқушылар бірнеше халықаралық тілдерде «Табиғатым, тіршілігім, ырысым!» сахналық көрініс жасап, өз шеберліктерін көрсетті.

 

  alt=  

 

  alt=