«Алматы музейіне» студенттер экскурсиясы
2022 жылғы 2 желтоқсанда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының 2022-2023-ші жылдарға арналған жоспарының орындалуына сәйкес Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасының аға оқытушысы, эдвайзер Айжан Сагимбаева «6В5301-Химия» мамандығының 1 курс студенттерімен Алматы қаласының Алматы музейіне тарихи танымдық экскурсия жасады.
2002 жылы құрылған Алматы музейінің 11 залында Алматы қаласының тарихы сақталған. Студенттер Алматы қаласының ежелгі заманғы тарихынан бастап оның қазіргі уақытқа дейінгі тарихын бейнелейтін экспонаттармен (40 мыңдай экспонаттар) таныса отырып, мол рухани қазына алды.