қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.12.2022

«Биоалуантүрлілікті сақтау: құстар» ашық дәрісі

 

2022 жылғы 6 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында «Биоалуантүрлілікті сақтау: құстар» ашық дәрісі өтті. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (АСБК) ғылым бойынша директоры Сергей Скляренко әлемде және Қазақстанда құстарға төнетін қауіптер, құстар мен олардың миграциясы, зерттеу жолдары және маңызды құс аймақтары (IBA - Important Bird Areas) жайлы айтты.


Студенттер құстарды зерттеудің заманауи әдістеріне, әсіресе озық технологияларды қолдануына үлкен қызығушылық танытты. Білімгерлер өздерін құс санағының маманы ретінде сынап көрді және фотосуреттерден құстарды санауға тырысты; Бұл оңай болған жоқ, бірақ қызықты болды.


Ағымдағы жылдан Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) бастамасымен «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Астана, Алматы, Орал және Атырау қалалары жоғары оқу орындарында жүзеге асырылатын Students For Nature жобасының тұсауы кесілді.


Жоба аясында Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау туралы дәрістер, құстарды бақылау және орнитофаунаны есепке алу бойынша тренингтер, құстар мен олардың мекендейтін жерлері жайлы ғылыми деректер жинау мақсатында арнайы далалық зерттеулер ұйымдастыру қарастырылған.


Қалаларда және су айдындарында құстарды бақылау және құстарды санау дағдыларын меңгеру, әсіресе, болашақ жаратылыстану пәндерінің мұғалімдеріне пайдалы екені рас. Алдағы уақытта мектептерде жұмыс істейтін болашақ ұстаздар өз дағдыларын оқушыларға үйретіп, сол арқылы табиғатты аялауға баулиды.


Құрметті студенттер, егер Сіз дәріске қатыса алмасаңыз, бірақ Сізді биоалуантүрлілікті сақтау, құстар және табиғатты қорғау тақырыптары қызықтырса, онда жобаға қатысқыңыз келетінін acbk@acbk.kz электрондық поштасына жазуыңызға болады (тақырып жолы: «Students For Nature») Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері ғана қатысу мүмкіндігіне ие. Факультет пен курс маңызды емес.

 

  alt=  

 

  alt=