қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.01.2023

Докторанттардың шетелдік тағылымдамасы


«8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс докторанттары 2022 жылдың 28 қарашасынан бастап Анкара қаласындағы Гази университетінде (Түркия) бір айлық шетелдік тағылымдамадан өтті. Тағылымдаман өту барысында докторанттар шетелдік кеңесшілерімен ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша тікелей жұмыс жасады. Диссертациялық жұмысқа байланысты сұрақтар қаралып, жұмыс мазмұны талқыланды. Сонымен қатар, докторанттар шетелдік кеңесшілердің дәрістеріне қатысып, өз білімдерін жетілдірді.


Докторанттар Анкара қаласының Президенттік ұлт кітапханасында, Ұлттық кітапханада және Гази университетінің кітапхана орталығында жұмыс жасау негізінде өз диссертацияларын жаңа ақпараттармен және жаңа әдебиеттермен толықтырды.


29 қарашада докторанттар Гази университетінің базасында ашылған зерттеу балабақшасында болды. Зерттеу балабақшасының жұмыс мазмұнымен, күн тәртібімен, құжаттарымен танысып тәжірибе алмасты. Балабақша директоры Айше Дилек Өзчеликпен жеке сұхбаттасу барысында Түркиядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысты.


7 желтоқсанда Германияның доктор инженері, Педагогика ғылымдар академиясының Басқарма төрағасы, Қазақстанда салыстырмалы педагогика ғылымының және оқулықтану ғылымының негізін салған ғалым Асқарбек Құсайыновтың Гази университетінде оқыған «Ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтерудің ғылыми-практикалық негіздері» тақырыбындағы дәрісіне қатысты. Дәріс барысында McKinsey&Company компаниясының ғалымдары М.Барбер және М.Муршед зерттеулерімен, білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратын факторлармен, білім беру жүйесін құраушыларымен танысты.


Тағылымдама соңында университет басшысының орынбасары Южел Гелишли сертификаттарды табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=