қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.02.2023

«Келешекке бастар жол» тренинг-семинары

 

2023 жылғы 31 қаңтарда Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатында «Келешекке бастар жол» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Семинарға мектеп-интернаттың түлектері мен мұғалімдері қатысты. Тренинг-семинарды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология институтының кәсіби бағыт бағдар беру жұмысына жауапты, «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Жанкушков жүргізді.


Іс-шараның мақсаты - педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Тренинг-семинар case-study, коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Тренинг-семинар барысында №4 арнайы мектеп-интернат түлектері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=