қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.04.2017

«Абай атындағы ҚазҰПУ ақпараттық порталындағы ең үздік кафедра веб-парақшасы» атты байқаудың қорытындысы


      Абай атындағы ҚазҰПУ ақпараттық порталын дамыту мен жетілдіру мақсатында 10 наурыздан бастап «Абай атындағы ҚазҰПУ ақпараттық порталындағы ең үздік кафедра веб-парақшасы» байқауы жарияланған болатын. Конкурс 2017 жылдың 2 наурыздағы № 01-06-05 бұйрығына сәйкес 7 белгі бойынша бағаланды:
1. Институт пен университет парақшаларында кафедраның қызметі туралы ақпараттың болуы;
2. Кафедра парақшасындағы тақырыптық айдарлардың толықтығы және оның барлық қызмет аясының қамтылуы;
3. Тақырыптық айдарлардың мазмұны;
4. Айдардағы ақпараттың саны мен сапасы;
5. Ақпаратты орналастырудың жеделдігі мен жаңарту деңгейі мен ақпараттың жаңалығы;
6. Иллюстрацияның бар болуы: фотосуреттер, сканерленген суреттер, видео, графикалық ақпарат және т.б.;
7. Сауаттылық, стиль, шығарлыған ақпараттың жанрлық әртүрлілігі;

    Комиссия мүшелері бір ай бойы кафедралардың ақпараттық толтырылуын қадағалап, 20 сәуірі күні «Абай атындағы ҚазҰПУ ақпараттық порталындағы ең үздік кафедра веб-парақшасы» атты байқаудың қорытындысын шығарды.
  Комиссия әр 7 белгі бойынша 0 мен 10 балл аралығында бағалап, орындарды келесі ретте орналастырды:
1 орын: Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы -70 балл;

2 орын: Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) - 65;
2 орын: Жалпы тіл білімі кафедрасы - 63;
3 орын: Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы - 56;
3 орын: Ботаника және жалпы биология кафедрасы -54;
3 место: Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы - 53.

   Комиссия мүшелері барлық институттың белсенділігі жоғары болғандығын атап айтқанымен, кафедралардың жалпы белсенділігі жоғары болмады. Конкурс жақсы өтті және қатысушыларда сайысу рухы байқалды.
      2017 жылдың 28 сәуірінде I, II және III дәрежелі дипломдарды және алғыс хатты тапсыру салтанаты өтті. Аталған шараны оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, профессор Кенжебаев Ғабит Қапезұлы өткізді.
     Сонымен қатар Өнер, мәдениет және спорт институты директордың академиялық ұтқырлық және ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Какимова Лаура Шәріпқызына, Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсымбекұлына, Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Битұрсын Ғалымжан Шамшидинұлына, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Бекбенбетова Қазына Асанқызына және "Превентивті суицидология және ҚР ЖОО инклюзивті білім беру" РКБО ұжымына ақпаратты порталдың жұмысын жетілдіруге қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алда Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында кафедра қызметі жайлы ақпараттарды жариялауға атсалысады деген үміттеміз!