19.04.2011
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасы және Шамшидин Абдуллаұлының бастауымен анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасымен бірлесіп «Жастар арасындағы аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты » тақырыбында Кузбасс мемлекеттік педагогикалық академиясы және Кемерев мемлекеттік медицина академиялары арасында онлайн конференция өткізді.
Конференцияның басты мақсаты қазіргі заман жастарын салауатты өмір салтына қалыптастыру мен аурулардың алдын алу жолдары.
Конференция барысында төмендегі сұрақтар талқыланды:
* Жастардағы дерматоз ауруының алдын алу.
* Жастардағы ЖЖБИ-дың алдын алу.
* Жастардағы косметикалық ақаулықтардың алдын алу.
* Жастардағы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Конференция өз кезегінде аталған мәселелердiң өзектiлiгiмен және зерттеуді студенттердің жүргiзуімен қызықты болды.