қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.04.2023

Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу


2023 жылғы 11 сәуірде Абай университетінде Ғылым онкүндігі аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті. Оған ҚазҰАЗУ-дың Халықаралық вакцинология орталығының директоры, профессор, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы Қайсар Табынов және ақын, сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, Мәдениет саласының үздігі, Түркиядағы Өмер Халисдемир университетінің түлегі, PhD докторы ‒ Ержан Жұмабек арнайы қонақ ретінде шақыртылды.

 

Жаратылыстану және география институты география және экология кафедрасы және Жас зерттеушілер кеңесінің постдокторанттары, PhD докторлары Шахислам Лайсханов пен Нұрбол Үсеновтің ұйымдастыруымен өткен жиында қонақтар сұрақтарға жауап беріп, жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті.

 

Іс-шараны университеттің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев және Жаратылыстану және география институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Қарлығаш Муздыбаева ашып, ақжарма тілектерін білдірді. Дәстүрлі әнші, мәдениеттану ғылымдарының магистрі Берік Тулемисов әннен шашу шашты, «География» білім бағдарламасының 1 курс магистранты Руслан Жолболсынов арнау өлеңін оқыды, ал «География және экология» кафедрасының меңгерушісі Думан Алиасқаров қос қонаққа сый-сияпатын тапсырып, рақметін айтты.

 

Шараға ұстаздар, студенттер, сондай-ақ Жас зерттеушілер кеңесінің мүшелері ‒ постдокторант Гүлсамал Дюсембина, PhD докторлар Назым Конкабаева мен Алтынай Жакупова қатысты. Кездесуді Жас зерттеушілер кеңесі Коллаборация комитетінің жетекшісі, әдебиеттанушы Әлібек Байбол жүргізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=