қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
03.03.2014

 

 Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

филология ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасы

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ        Х А  Т

Құрметті әріптестер, студенттер және магистранттар!

            2014 жылдың  4 сәуірінде  Абай ат. ҚазҰПУ-нің  филология және көптілді білім беру институтына қарасты шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен   «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты 6 -шы  жас ғалымдардың халықаралық ғылыми  конференциясы  өтеді.

            Ұйымдастыру комитеті ғылыми кызметкерлерді, ЖОО оқытушыларын, студенттерді, магистранттарды және мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларын конференцияға белсенді атсалысуға шақырады

Конференция  жұмысының бағыттары:

 -  Педагогика ғылымдары

  - Ұлттық тәрбие

 - Филология ғылымдары

-   Көптілділік білім беру  мәселелері

-  Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар

- Мектеп  оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары

Конференция  тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ  шығарылады, тіркеу кезінде қатысушыларға таратылады немесе пошта арқылы жіберіледі

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

2014   жылдың 10 наурызына дейін  конференция жұмысына қатысу жөнінде өтініш пен мақаланы ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына  жіберілуі тиіс (үлгі бойынша); Мақала көлемі 5 беттен аспауы тиіс.  Парағы - А4.  Шрифт: Microsoft WORD, Times New Roman (Times New Roman KZ),  өлшемі - 14, жол аралығы - 1 интервал.  Беттің көлемі - сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см,  жоғары және төменгі жағы - 2 см; Конференцияның ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы квитанцияның  көшірмесін мына мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: rus.kafedra@mail..ru

               Конференцияны ұйымдастыру жарнасы - 3 000 теңге.

Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген мақалалар  қабылданбайды. Мақала мазмұны мен грамматикалық  қателер үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзіне қалдырады.

               Конференция  қатысушыларының жатын орыны, тамақтануы іссапарға жіберуші ұйымның тарапынан төленеді.   

Мақаланы  келесі  тәртіп бойынша дайындау керек:

1.          Тақырыпты ортада орналастыру керек (бас әріптермен, 14 кегль).

2.          Төменнен ортаға қарай автордың тегі, аты- жөні (жартылай жуан қаріп,12 кегль).

3.          Тегінің астына өзіңіз  мекемеңіздің аты, қала аты (10 кегль)

4.          Электронды пошта  (курсив, 10 кегль)

5.          Жиектері: жоғары- төмен, оң және сол жақтары - 20 мм, кітаптық  бағыт

6.          Жол аралық интервал- бірлік 1,0

7.          Әдебиеттерді  келесі үлгі бойынша дайындау керек:

 

1.      Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного. - М.: Русский язык, 1990. - 269 с.

2.      Абилгалиева М.Х. Сопоставительный анализ соматической фразеологии казахского и немецкого языков: автореф. ... канд. филол. наук: 10.02.06. - Алма-Ата, 1992. - 23 б.

Мәтін ішіндегі сілтемелер келесідей теріледі: [1, 11], 1- әдебиет атауы, 11- бет.

Қатысушылардың өтінішін  келесі үлгі бойынша дайындау керек

Қатысушының өтініші:

Ф.И.О.(толығымен)

 

Жұмыс орны

 

Қызметі

 

Атақ, дәрежесі

 

Мақала тақырыбы

 

Секция

 

Қала

 

Оқу орны, кафедра атауы

 

Пошта мекенжайы

 

e-mail

 

Байланыс телефоны, факс

 

 

Мақалалар мен өтініштер   мына мекенжайда қабылданады:

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң  математика, физика және информатика институты Төле би көшесі,86, Алматы қаласы, Қазақстан.  Электрондық пошта: е-mail: rus.kafedra@mail.ru

Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2014 жылдың 4 сәуірінде сағат 09.00 -10.00  дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-ң  Бас ғимаратында өтеді  (кіші акті залы, Достық, 13). Конференцияны ұйымдастыру жарнасын жеке  немесе келесі реквизиттер бойынша  төлеуге болады:

Банк  «ЦЕНТР КРЕДИТ»

Казабеева Виталия Алексеевна 

Номер  счета  КZ 058 560 000 003 273 362

ИНН 78 04 17 400 202

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:    

Шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасы   -   8(727)261-65-98,

 

Кафедра меңгерушісі  Бегалиева Сәуле Баязқызы - 8(702) 777 16 04 (моб.)

Жауапты хатшы Оңалбаева Айгүл  Тыныбекқызы- моб.т. 8 (701) 723 11 97.

 

Ұйымдастыру комитеті