қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
11.07.2020

Тамыз айындағы ҰБТ өткізу тәртібі

 

Құрметті талапкерлер! Тамыз айында өткізілетін ҰБТ-ға өтініштер қабылдау 25 шілде-1 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүзеге асырылады. Ал ҰБТ 17-20 тамыз аралығында өткізіледі.


Бұл ретте аталған ҰБТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады:
- қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;
- ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
- ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
- ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
- ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдіргендер.


Маусым-шілде айындағы ҰБТ-ға жіберілмеген немесе нәтижесі жойылған және наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген тұлғаларға тамыз айындағы ҰБТ-ға тегін тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте аталған тұлғаларға тамыз айына ҰБТ-ға қайта өтініш беру қажет емес, тек жеке кабинетіндегі сілтеме бойынша тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетсе жеткілікті болып табылады.


Сонымен қатар, ағымдағы жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген басқа да тұлғаларға да тамыз айындағы ҰБТ-ға тегін тапсыру мүмкіндігі берілгенін атап өтеміз.