Main
News
29.05.2017
Түркияның Анкара қаласында 21-27 мамырында Түркі ұлыстарының "2017 Turk Dili Yili" құрылтайы өтті. Онда 33 елден 250 ғалым қатысып, баяндама жасады. Түркия елінің Президенті Редже́п Тайи́п Эрдога́нның қолынан 10 адам "Түркі тілінің дамуына үлес қосқан ғалым" марапатын алды. Солардың ішінде Түркия, Англия, Германия, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан және Қырғызстан ғалымдары бар. Қазақстаннан осы марапатты Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлбану Қосымова иемденді.
|