Main /
Announcements
03.03.2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ Институты
Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конференцияның алдында материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда.
Конференцияға қатысу өтінімдері және баяндама мәтіндері 2014 ж. 10 наурызына дейін қабылданады.
Конференцияға қатысу үшін төмендегі материалдарды жіберу қажет: 1. Конференцияға қатысу өтінімді, файлдың атауында - секция нөмірі, автордың тегі және «өтінім» сөзі болуы тиіс, мысалы: 4Alieva_zayavka (өтінім нысаны қоса тіркеледі). 2. Көлемі 5 беттен аспайтын ғылыми баяндаманың мәтіні, файлдың атауында - секция нөмірі, автордың тегі және «баяндама» сөзі болуы тиіс, мысалы: 4Alieva_doklad (мақаланың рәсімделуіне қойылатын талаптар қоса тіркеледі). Өтінім мен баяндаманы Кадырова Галина Рабиковнаның 1967ruslanovna@mail.ru электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. 3. Мақаланы жариялау, конференция материалдарының бір жинағын жіберу ақы - 3000 теңгені, шетелдік қатысушылар үшін - 25 € құрайды. Ұйымдастыру жарнасын Алматы қаласы «АТФ банкі» АҚ филиалының есеп-шотына жіберуге болады. ОКПО коды 306241520061 БИК ALMNKZKA Код 956 Банк СТН 08841000509 Есеп-шот KZ98826A1KZTD3208676 Төлемнің түрі: конференция Қабылдаушы: Крестьянинов Э.В. Төлемақы түбіртегін сканерлеп, 1967ruslanovna@mail.ru электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз. Алматы қаласында ұйымдастыру жарнасын мына мекен-жай бойынша төлеуге болады: Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас ғимараты, Практикалық тілдер кафедрасы (405-кабинет).
МАТЕРИАЛДАРДЫҢ РӘСІМДЕЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Жариялау үшін мәтіннің форматы: көлемі - 5 бетке дейін, Word редакторында терілген, Times New Roman, 14 шрифтімен, әр жол аралығы-1. Жол жиегі: жоғары жағы мен төменгі жағы - 2 см, оң жағы, сол жағы - 2 см. Бірінші жолдың ортасында бас әріптермен қаралау шрифтімен терілген - мақаланың атауы. Бір аралықтан кейін - ортасында - автордың (авторлардың) аты-жөні, ұйымның, қаланың, елдің атауы көрсетіледі. Содан кейін электрондық поштасы көрсетіледі. Бір аралықтан кейін курсивпен терілген қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аннотация. Бір аралықтан кейін баяндаманың мәтіні. Азат жол басындағы бос орын - 1,25 мм құрайды. Пайдаланылатын дереккөздерге жасалатын сілтемелер Әдебиеттер тізімінде тік жақшада беріледі. Баяндамалар авторлық редакцияда, түзетулерсіз жарияланады. Ұйымдастыру комитетінің талаптарына сәйкес келмейтін және көрсетілген күнінен (10 наурыз 2014 ж.) кеш жіберілген баяндамаларды қабылдамауға құқығы бар.
Үлгі:
Барлық шығындар (жол, қонақ үй, тамақтану) конференция қатысушыларының есебінен төленеді.
Конференцияны өткізуге байланысты барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жай бойынша хабарласуыңызға болады: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ, практикалық тілдер кафедрасы (405-кабинет), телефон: (727) 2915690 (практикалық тілдер кафедрасы), ұялы 87018387869 (Цой Алла Александровна); 87078124520 (Маймакова Алмагуль Дильдиновна), 87078308041 (Кадырова Галина Рабиковна), e-mail: april9-2014@mail.ru, 1967ruslanovna@mail.ru.
СЕРТИФИКАТ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСҚАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ.
Табысты ынтымақтастыққа сенеміз!
Конференцияның ұйымдастырушы комитеті.
«Тілдерді оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін өтінім нысаны (2014 ж. 16 сәуір)
|