Main /
Announcements
30.07.2020 «ЖОО-да мүгедектігі бар студенттерді оқыту» вебинары
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 05.06.2015 жылы құрылған ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы жанында инклюзивті білім берудің тиімді тәжірибесін тарату мақсатында инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы жұмыс істейді. Виртуалды зертхана қызметінің аясында 2020 жылдың 30 шілдесінде сағат 15.00-де «ЖОО-да мүгедектігі бар студенттерді оқыту» тақырыбында алтыншы вебинар өткізу жоспарлануда. Вебинарда келесі мәселелер қарастырылады: 1. Мүгедектігі бар студенттерді қашықтан оқытуды ұйымдастыру. Спикер: ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры Мовкебаева Зульфия Ахметвалиевна. 2. Көру қабілеті зақымдалған адамдармен ӛзара әрекеттестіктің инклюзивтік мәдениеті. Спикер: Алматы қ. Алмалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша кеңесші, Алматы қ. ӨҚБ тифлоқұралдар бойынша комиссия мүшесі, «ОИиСА» ҚБ жобалар бойынша үйлестіруші Жанысбаев Мадьяр. 3. ЖОО-да қолжетімді ақпараттық орта құру. Спикер: Nazarbayev University Information Services ассистивті технологиялар және ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі сарапшы-менеджер Зият Абдыкаимов.
Вебинарға сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/84575972575?pwd=QXZ4SVRFWi9xQ0JvRUgzMUJDSW1Bdz09
Конференция идентификаторы: 845 7597 2575 Пароль: 536573
Барлық мүдделі тұлғаларды осы вебинардың жұмысына қатысуға шақырамыз!
|