Main /
Announcements
24.09.2020 «Көптілді білім беру кеңістігінде болашақ пән мұғалімдерінің тілдік дайындығының құзыреттілiк-коммуникативтi негіздері» онлайн-конференцияcы
2020 жылдың 2 қазанында «Көптілді білім беру кеңістігінде болашақ пән мұғалімдерінің тілдік дайындығының құзыреттілiк-коммуникативтi негіздері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференция өтеді.
Іс-шараның мақсаты - 2020 жылы 175 жылдығы атап өтілетін қазақтың ұлы ойшылы Абайдың көп қырлы шығармашылығын зерттеу саласындағы жинақталған тәжірибені тарату; 2018 - 2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты үшін «Қазақстанның көптілді білім беру жағдайында болашақ пән мұғалімдерінің тілдік дайындығының құзыреттілік-коммуникативті моделі» ғылыми жобасы аясында жүргізілген ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін жалпылау, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, апробация жасау және қазіргі лингводидактика мен қазіргі лингвистика саласында жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін талқылау.
Шараны ұйымдастырушылар - ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты үшін (2018 - 2020жж.), Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру инcтитутының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институты
https://zoom.us/j/94843910163?pwd=TVloMU1LL1FpN20vQUwxV3B4YnBMdz09
Идентификациялық номер: 94843910163.
Пароль: 814003.
Басталуы: 14.00 (Астана уақытымен).
Регламент: 7 минут.
|