Main
News
18.07.2017 ҚР Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен Республикалық рейтинг агенттігі мен Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясы өткізген жаңа «Қазақстан-2050- Инновация және академиялық артықшылық бойынша Ұлттық рейтингісінің» нәтижелері 2017 жылдың 18 шілдесінде «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Рейтингтік бағалау жұмыстары жоғары оқу орындарының академиялық беделі, жұмыс берушілер арасында беделі, академиялық және ғылыми-инновациялық жұмыстары, интернационалдандыру, түлектерге деген сұраныс сияқты көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Әлеуметтік және кәсіби қоғамдастық университеттердің негізгі миссиясы яғни сапалы білім беруге , студент және оның қажеттіліктеріне, ғылыми зерттеулер және коммерцияландыруға, халықаралық қызметіне сүйене бағалады.
|