қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.04.2013

Абай атындағы ҚазҰПУ-де Халықаралық жас ғалымдар  конференциясы  өтті

2013 жылдың 04 сәуірінде  шетелдіктерге арналған орыс филологиясы факультеті «Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігінде» тақырыбында жас ғалымдардың   V ғылыми халықаралық конференциясын  өткізді, бұл дәстүрлі өтілетін шараның  мерейтойы десе де болады.

        Аталмыш шараны  ұйымдастырудағы мақсат -  қазақстандық ғылым мен білім беру дәстүрін сақтау,  оларды халықаралық қауымдастыққа  интеграциялау, ғылыми және педагогикалық  мамандардың біліктілік дәрежесін арттыру және  жастарды ғылыми зерттеу жұмыстары мен жан-жақты білім алуға бағыттау.

Еліміздің президенті   Н. Ә. Назарбаев  өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауында адам капиталының сапалы дамуына баса назар аударады және бұған қол жеткізуде бірінші кезекте білім беру саласын жақсарту қажеттілігін атап көрсеткен.     Елбасы жолдаудың бір тарауын білім беру саласына арнаған, онда сапалы білім беру Қазақстанның  индустриализациясының және инновациялық дамуының негізі болып табылатындығын атап өтті.     

       Жас ғалымдар өздерінің оқу орындарының қабырғасында жүрген кезден бастап белгілі бір дәрежеде кәсіби құзыреттілікті игеруге міндетті,   әсіресе ғылыми-ізденушілік қызмет саласындағы біліктілікке баса назар аударылуы тиіс.  

      Халықаралық жас ғалымдардың конференциясының Абай атындағы ҚазҰПУ-де ұйымдастырылуы кездейсоқ емес.  Мұнда көптеген жылдар бойы ғылыми лабораториялар, студенттердің ғылыми қауымдастығы, көптеген үйірмелер мен семнинарлар   жұмы істейді. Осының бәрі студенттердің ғылыммен айналысуына, өздерінің ғылыми жетістіктерін бөлісетін орта табуына ықпел етеді.

Бүгінгі таңда педагогтерді даярлау жүйесінде   ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға баса назар аударылады. Ғылымға бейім студенттерді айқындалып, олардың біртіндеп мектепте немесе ЖОО-да оқу үдерісіне қатысты жобаларға қатысуына  жол ашылады.  Осы орайда Халықаралық жас ғалымдар конференциясына қатысушылардың басым бөлігі  ҚазҰПУ студенттері екендігін айта кеткіміз келеді.

     Пленарлық мәжіліске: Абай атындағы ҚазҰПУ -нің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры   В.Н. Косов, Ломоносов атындағы ММУ-нің доценті    О.Н. Короткова, Қазақстан Республикасындағы РФ консулдығының бас консулы   И.В. Переверзева, Қазақстандағы ҚХР Консулдығының өкілі  Ван Жуй ханым,    Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  профессоры, п.ғ.д., Н.Н. Хан,    шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының профессоры, п.ғ.д.,  Чан Динь Лам, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ тілінің теориясы және әдістемесі кафедрасының профессоры,  ф.ғ.д.,   Ф.Ш. Оразбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының меңгерішісі, п.ғ.д., профессор  С.Б. Бегалиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдіктерге тіл үйрету кафедрасының  доценті   И.И. Сапронова қатысып, сөз сөйледі.

Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Түркиядан келген шетелдік студенттер конференцияға қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.   Корейлік студенттер Ли Сыл Би мен Ли Е Джи корей халық әнін нақышына келтіре  шырқады. 

       Конференцияның жұмысы 3 секция бойынша жүргізілді  :

№1 секция. Педагогикалық ғылымдар және және ұлттық тәрбие..

№2 секция. Филология ғылымдары. 

№3 секция. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар.

     Конференция қарсаңында Қазақстан Республикасындағы білім берудің жалпы  мәселелерінен бастап, нақтылы кәсіби-педагогикалық білім беру, ұлттық білім беру және әлеуметтік-ғылыми қызмет түрлеріне арналған әр түрлі тақырыптарға арналған 200 тарта баяндамаларды қамтыған  ғылыми материалдар жинағы жарық көрді.  

     Пленарлық мәжілісте  Абай атындағы ҚазҰПУ -нің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры   В.Н. Косов,    Қазақстан Республикасындағы РФ консулдығының бас консулы   И.В. Переверзевалар сөз сөйледі.

   Әрбір баяндама төңірегінде қатысушылар қызу пікірталас жүргізіп, өзара ой бөлісті, тыңдармандар да өз пікірлерімен толықтырып отырды. Әсіресе, жастарды экстремистік ұйымдардың ықпалынан құтқару жөніндегі немесе жастардың қылмыс жасауының себептерін баяндайтын, сондай-ақ тұрақты және тұрақсыз қоғамда әлеуметтік тәрибенің мақсаттарын айқындауға бағытталған бүгінгі күннің өзекті тақырыптарына арналған баяндамадалар конференцияға қатысушылардың қызығушылығын туғызды. 

 «Педагогика ғылымдары және   ұлттық тәрбие» мәселелерін қарастырған №1 секцияның жұмысына  п.ғ.д., профессор Н.Н.  Хан  мен доцент  Д.А.Алиева жетекшілік етті.

       Онда  80 тарта баяндама тыңдалды. Солардың ішінде Ж.М Бекмұрзинаның    «Қазіргі заманғы педагогтің этнопедагогикалық құзыреттілігі» тақырыбында жасаған баяндамасы,  Л.В. Екшембееваның «Тіл экологиясы: оқытудың теориясы мен практикасы», Р.Г. Сейдахметованың «Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру жағдайында тұлғаға-бағытталған тәсілді қолдану»  т.б. баяндамалар тыңдаушылардың көңілінен шықты.  

      Баяндамалар қызу талқыланып,  тартысты өтті.

     «Филология ғылымдарына» арналған  №2 секцияның жұмысында    (жетекшілері: п.ғ.д,  профессор Чан Динь Лам, аға оқытушы Р.К. Бакбергенова)  66 баяндама тыңдалды.  Барлық баяндамаларда  тіл біліміне және әдеибеттануға қатысты өзекті мәселелер қозғалған,   ғылыми  жағынан негізделген.  Әсіресе аталмыш секцияда шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының баклавриатын бітірушілері, дипломшылардың баяндамаларын  ерекше атап өткен жөн, Атап айтар болсақ:  Чен Цзиньнің (КХР) «Орыстың сөйлеу этикеті лингвомәдениеттану тұрғысынан» тақырыбындағы,  Хань Юй (ҚНР)    «Шетелдік студенттермен жүргізілетін сабақтардағы орыстың мақал мәтелдері»,   Юк Ин Ёнгтің  (Корея) «Корей ертегілерін орыс тіліне аудару ерекшеліктері», И.М. Жанаеваның (Қазақстан) «Ш.Айтматов шығармаларының көркемдік-эстетикалық сипаты» тақырыбына жазылған баяндамаларын   көпшілікке қызықты болды.

      «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға» бағытталған №3 секцияда    33 тарта баяндама тыңдалды.  Секция жетекшілері п.ғ.к., профессор  Ф.Г. Брулева, доцент Б.С.Балгазина

Мұнда  С. Маралбекованың  «Өмір студенттерге арналған ғылыми категория ретінде», М Махмутованың  «Діни  экстремизмнің жастардын санасына әсері»; Серікқызы Ж. «Бизнестің  әлеуметтік  жауаптылығы» сынды қазіргі заманның өзекті мәселелеріне арналған тақырыптарға жазылған баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар қатысушылар ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін де қызу талқыланды. Баяндамашылар тыңдаушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Секция жетекшілері  жас ғалымдардың тұжырымдары мен пікірлерін қорытындылып, сөйлеу тілінде кеткен біраз кемшіліктерге байланысты өздерінің ақыл-кеңестерін айтты.  Конференцияның қорытынды бөлімінде конференцияға қатысушылардың барлығына  сертификат берілді. Конференция жұмысының барысында Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан Астана, Алмата, Алматы облысы, Петропавл, Павлодар, Тараз, Шымкент, Өскемен, Семей, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Талдықорған  қалаларынан 200 тарта авторлардың еңбектері қабылданды. Олардың ішінде тек ЖОО оқытушылары ғана емес,  сондай-ақ магистранттар, студенттер, мектеп мұғалімдері мен колледждердің оқушылары да бар. Қазақстан Республикасының 32  астам оқу орындарынан келген жас ғалымдар:  Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,  ҚазМемҚызПУ,   Қазақ  көлік және қатынастар академиясы,   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық  медициналық университеті т.б.   баяндама жасады.

  Тәжірибелері ғалымдар жас ізденушілердің баяндамаларына қатысты сын-пікірлер айтып,  ақыл-кеңестерін берді. Халықаралық жас ғалымдар конференциясы  табысты өтті.