қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.10.2017

 ҚазҰПУ студенттерінің Лейден университетінің профессорларымен кездесуі

 

2017 жылдың  26 қазанында  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтында ағылшын тілінде оқып жатқан студенттеріне  «Engish club»  мүшелері  Лейден университетінің (Нидерланды) профессорлары Элиза Сторк, Даан Ромейноми және Абай атындағы ҚазҰПУ -дың Кәсіби бағыттағы шет тілдер кафедра меңгерушісі  Ж.А. Абуовпен кездесу ұйымдастырды. 

 

Кездесудің модераторлары - PhD доктор,  Ботаника және жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы А.Ш. Шоқанова және PhD докторант Р. Аманжолов болды.

 

Ботаника және жалпы биология кафедасының меңгерушісі, профессор С. Иманқұлова Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне  үштілділікті енгізу бойынша мемлекеттік бағдарламасы туралы айтып берді.  Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, алғаш рет, мемлекеттік деңгейде төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту енгізілген, олар:  биология, химия, физика және информатика.

 

Шетелдік қонақтар, өз кезегінде, нидерладықытардың көптілділікті  дамыту бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, пәндерді ағылшын тілінде меңгерудің тиімді әдістерінің бірі  ретінде  көптілді білім беру үдерісінде CLIL (Contentand Language Integrated Learning)  әдісін  пайдалану туралы ақпаратпен бөлісті. CLIL (Contentand Language Integrated Learning)  - оқытудың жаңа бағыты, яғни  студенттер  оқу жоспары шеңберінде стандартты бағдарламаны ағылшын тілінде оқиды. Осындай, әдіс арқылы тіл өте қарқынды түрде қабылданады деп болжамданған, демек,  ең алдымен білім алушы көлемді  тілдік  материалды өзі түйсік танымы арқылы ой елегінен өткізеді.

 

CLIL әдісін көрсету үшін профессор Элиза Сторк өзінің әдеттегі сабағынан үзінді өткізді және  жедел тапсырма берді, бұл қызықты тапсырмаға барлық қатысушылар тартылды.

 

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, ағылшын тілінде өз ойларын білдіруге тырысты.

 

Нидерландық қонақтар жеке адамның, сондай-ақ тұтас елдің  дамуы  үшін шет тілін үйренудің  маңыздылығын атап өтті.

 

  

 

  

 

  

 

  

 

 

 

Жаратылыстану және география институты