қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
12.01.2018

Депутаттар мен оқу орын басшылары білім саласын талқылады

 



Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық ҚР Парламент төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ықсанова, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының ректорлары және проректорларымен кездесті

.

Кездесуде Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту туралы Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына байланысты сұрақтар талқыланды. Кездесу барысында Университет ректоры Такир Балықбаев сөз кезегін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаеваға берді.

 

Гүлмира Исімбаева Парламент қабылдаған және Мемлекет басшысы қол қойған салық заңнамасы блогы, кедендік реттеу туралы заңдар блогы, Әкімшілік кодекс және т.б. сынды жаңа заңдар туралы айтып берді. Сондай-ақ, қазіргі таңда, тікелей білім беру жүйесімен байланысты «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне университеттердің академиялық және басқару тәуелсіздігін кеңейту туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы айтып берді.

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Жәмиля Нұрманбетова Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту заң жобасы жайындағы ойын ортаға салды.

 

Бұл заң жобасы Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған, - деп атап өтті - сондай-ақ оның негізгі тұстары Назарбаев Университетінің тәжірибесін тарату және жоғары оқу орындарының академиялық және әкімшілік дербестігін кеңейтуге байланысты, - деді.

 

Басқосуға қатысқан жоғары оқу орындарының басшылары да көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Айталық, «Tұран» университетінің ректоры, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті Рахман Алшанов заң жобасынның жоғары білімді демократияландыру талаптарымен байланысын сөз сөйлеп, мемлекеттік тапсырыс, кәсіби стандарттарды әзірлеу, жоғары оқу орындарына талапкерлерды қабылдау ережелерімен байланысты мәселелерді қозғады.

 

Ал қазақ-неміс университетінің ректоры Ольга Moсковченко жоғары оқу орындарының аккредиттеу, мемлекеттік гранттарды бөлу және мамандықтарды лицензиялау барысында туындайтын қиындықтар туралы мәселелерді көтерді.

 

Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Кенжебек Ибрашев талапкерлер мен студенттер үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейіне тиісті талаптарды үйлестіру қажеттілігін атап өтті.

 

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Раиса Өскенбаева кең ауқымды бағыттарды қалыптастыруды және халықаралық стандарттарға сүйенуді ұсынды.

 

Жиынға қатысқан жоғары оқу орындарының басшылары талқыланып отырған мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

 

Кездесуді қорытындылай келе, Гүлмира Исімбаева пікірталастың оң тұсын атап, сұрақтарға тұшымды жауап беріп, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевқа осы кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысын білдірді.

 

Авторы: Римма Жанбаева

12.01.2018 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz