қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
31.01.2018

«Рухани Жаңғыру»: Алматыда университеттердің «UNIVERSITY 38» атты Альянсы құрылды

 


 

Алматыда ЖОО мұғалімдерінің бастамасымен қала университеттерінің Альянсы құрылды. Альянс құрамына оңтүстік астанадағы барлық 38 университеттері кірді. Альянстың негізгі мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда жоғары оқу орындарының оқытушылары мен сарапшыларының әлеуетін тартуға мүмкіндік береді.

 

- «Университеттердің миссиясы - қоғамымыздың рухани жаңаруының маңызды компоненті болып табылады. Ол тек білікті кадрларды ғана емес, сонымен қатар елдің азаматтарын қалыптастырады. Сананы жаңғыртудың негізгі құралы - бәсекеге қабілеттілік, ашықтық, прагматизм, ұлттық кодты сақтау принциптары бар патриоттықты қалыптастырады. Осы Альянсты құруға біздер ұзақ дайындалдық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы жоғары оқу орындары мұғалімдерінің орны ерекше. Ал сіздер білесіздер, қалада шамамен 15 мың мұғалім бар. Бізде нақты жоспарлар бар. Альянс «Рухани жаңғыру» стратегиясын қолдауға бағытталған, қаламыздың барлық мұғалімдерінің тәжірибе алмасуына көмектесетін жаңа шығармашылық алаңға айналады және университеттердің рухани жаңғырудағы драйвері болуына ықпал етеді», - деді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры Шолпан Жаманбалаева.

 

Университеттер Альянсы мұғалімдердің бірінші қалалық форумын, қасиетті орындар туралы ғылыми конференция, қазақстандық мәдениетті танымал ету үшін интернет-жобаларды және т.б. іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

 

«Бүгін қаланың барлық университеттерінде «Рухани жаңғыру» бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Әрбір университетте өздерінің жобалары бар. Енді міне Альянс арқылы біз күш-жігерімізді біріктіріп, жалпықалалық жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Мәселен, Альянс аясында оқытушылардан, жас ғалымдардан, докторанттар мен магистранттардан жиналған түрлі бағыттағы тұрақты сарапшылар клубы құрылатын болады», - дейді Абай атындағы Қазах Ұлттық педагогикалық университетінің проректоры Жанатбек Шпекбаев.

 

Мемлекет басшысының мақаласында анықталған құндылықтарды студент жастар арасында насихаттауды Альянс басты міндеттерінің бірі етіп қойып отыр. Ең бірінші білімге табыну, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы және басқа да құндылықтар.

 

«Ел басы бізге нақты міндеттер жүктеді. Біз әрине дайынбыз. Өткен жылы әрбір университет өз шарасын жеке ұйымдастырды. Бүгін біз бірігіп, үлкен күшке айналып отырмыз. Әрбір мұғалім артында жүздеген, мыңдаған студенттер бар. Университеттер Альянсы шын мәнінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда шығармашылық, ашық, танымдық және жаңашыл алаңына айналатынына сенімдіміз», - деді UIB университетінің проректоры Қайыржан Меңдіғалиев.

 

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Альянстың атауы туралы өз пікірлерін білдірді.

 

«Өздеріңізге белгілі Алматыда бүгінгі күні 38 университет бар. Біздер осы бір шаңырақ астына бірігіп, Альянсты «University 38» атауды жөн көрдік», - деді Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас және әлем тілдері университетінің проректоры Татьяна Сережкина.

 

31.01.2018 ж.

Ақпарат көзі: sn.kz