Main
News
19.01.2018
«UNIVER» АЖ бағдарламасының презентациясы
Ағымдағы жылдың 10-17 қаңтары аралығында ««UNIVER» ақпараттық жүйе бағдарламасының презентациясы және оқыту» семинары өтті. Бұл семинар «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебі бағдарламасының негізгі бөлігі.
Семинардың мақсаты: қатысушыларды біртұтас оқу-білім беру ортасын құрудың және университеті басқарудың тиімді жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру, қолжетімділікті және білім алудың ашықтығын кеңейту, басқарушылық шешімдер қабылдаудың жеделдігін және сапасын арттыру, оқу үдерісінің барлық қатысушыларының синхронды жұмысын ұйымдастыру.
Іс-шараға білімді ақпараттандыру департаменті, әкімшілік департаменті, академиялық мәселелер жөніндегі департаменті, сапаны сараптау және даму стратегиясы департаменті, кәсіптік бағдар беру және студенттерді қабылдау орталығы,тестілеу орталығы, тестілеу орталығы, институт директорларының орынбасалары қатысты.
«UNIVER» ақпараттық жүйелерімен таныстыру мақсатында семинарға қатысушыларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың АЖ дамыту бөлімінің және АТ-ресурстарды жоспарлау және басқару бөлімі қызметкерлері Александра Жайдарова мен Ерлан Қыстаубаев ақпараттық жүйемінің кең мүмкіндіктерін атап көрсетті. Осы жүйенің көмегімен келесі функциялар тиімді орындалатыны назарға алынды. Олар: қабылдау комиссиясының жұмысын басқару және контингент құрамын талдау; оқу қызметін басқару (оқу жоспарларын құру, аттестация және т.б.); оқу үрдісінің электрондық оқу құжат айналымының бүкіл технологиялық циклін ұйымдастыру; әр пән бойынша электрондық оқу және әдістемелік материалдардың деректер банкінің мониторингі; қосымша семестрді ұйымдастыру; сабақ, емтихан және кураторлық сағат кестелерін құру; статистикалық талдау жүйесін және оқу үрдісінің негізгі міндеттері бойынша есеп ұйымдастыру; әкімшілендіру жүйесін ұйымдастыру, бағдарламалық сүйемелдеу және жүйені оқу үрдісіне қолдану.
Презентациядан кейін қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылып, «UNIVER» ақпараттық жүйесін пайдалану туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар берілді. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |