Main /
Mass media about us
22.02.2018 Қазақ Ұлттық педагогикалық университетте цифрландыру зертханасы ашылды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім беруді цифрландыру мақсатында арнайы ғылыми зертхана ашылды.
Онда цифрландыру бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін мамандар дайындалады. Зертхана Алматыда отандық және ресейлік мамандардың қатысуымен өткен семинар кезінде іске қосылды. Семинарда ІТ саласының және жетекші оқу орындарының өкілдері білім беруді цифрландыруға көшіру жолындағы жобаларын ортаға салды. Яғни басты мақсат цифрландыру бағдарламасы аясында ұстаздардың ІТ саласындағы білімін арттыру, студенттерді жаңа технология бойынша оқыту. Үш күндік шарада мамандар цифрландыруға көшудің алғашқы қадамдарын бекітпек.
Такир Балықбаев, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры: - Басқа пәндердің мамандарын дайындағанда да олардың ақпараттық коммуникациялық құзіреттілігін жоғары көтеру. Сонымен бірге ақпараттық технологиялардың оқу үдерісінде қалай пайдалану? Осы сұрақтардың ауқымында үш күн бойында. Білім саласын ақпараттандыру саласының мамандары осы жерде жұмыс істейтін болады.
22.02.2018 ж. Ақпарат көзі: 24.kz
|