қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
13.03.2018

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

 



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесі отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі талқыланды.


Ғылыми кеңес жұмысына уни­верситет ректоры Такир Балықбаев, проректорлар, Ғылыми кеңестің мүшелері және құ­рылымдық бөлімше басшылары қатысты.


Кеңейтілген отырыс барысында рек­тор Такир Балықбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықына жолдаған «Президенттің бес әлеу­меттік бастамасы» Үндеуінің өзек­тілігін, стратегиялық сипатын және мұ­қият талданғанын атап өтті. Мемлекет бас­шысы ұсынған бастамаларындағы ерек­ше назар аудартатын үшінші бастама - «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Бұл бастама еліміздегі Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайын­дағы жаңа экономи­када үлкен сұранысқа ие болатын ақ­параттық технологиялар, робо­тотехника, нано-тех­нологиялар және тағы басқа салалардағы жоғары білікті мамандарды даярлауға барлық жағдай жасауға бағыт­талған. Президент жастарға қамқорлық көрсету мақ­сатында студенттерді жатақ­ханамен қамта­масыз ету мәселесін көтеріп отыр. Осы тұрғыда ректор Такир Балықбаев университет тарапынан атқарылатын маңызды міндеттерге тоқталып, сту­денттердің тұратын жеріне жағдай жасау және барынша жатақ­ханамен қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Үндеуге байланысты ректор Ел­басының бастама­ларындағы жүк­телген міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жасалынатын нақты үйлестіру механизм­дерін әзірлеуді ұсынды.


Елбасының бастамаларын талқылау барысында Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Кай­мулдинова және Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Раушанбек Әбсаттаров баяндама жасады.


Ғылыми кеңес отырысы соңында уни­вер­ситет ұжымы Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың Үндеуінде жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыру бойынша пікірлермен алмасып, үлкен әлеуметтік маңыздылығы бар және қазақстандықтарды тұрғын үймен қам­тамасыз ету, халыққа салық жүктемесін азайту, білім беру сапасын және қолжетім­ді­лігін арттыру, микрокредит беру мүмкін­діктерін кеңейту және газдандыру сияқты мәселелерді шешу жолдары ұсынылған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» маңызды стратегиялық құжатын бірауыздан қолдады.

 

Авторы: Римма Жанбаева

13.03.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz, PDF