қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
10.02.2015

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Ақпараттық мағлұмат

5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік студенттер олимпиадасы

Республикалық пәндік олимпиада Қазақ хандығының  550-жылдығы, Қазақ Халқы Ассамбелеясының 20 жылдығына арналады

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 06-07 сәуір 2015 жыл

 

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

          Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Өнер, мәдениет және спорт институтының негізінде, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің бекіткен іс-шараларының аумағында 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындарының арасында VII республикалық пәндік олимпиадалық жарыс өткізеді.

Республикалық олимпиадалық жарыс үш кезеңнен тұрады:

I кезең (іріктеу бөлімі, оқу орнында) іріктеу олимпиадалық жарыс жоғары оқу орындарында 2015 жылдың наурыз айында өткізіледі.

II-III кезең (финал) олимпиадалық жарыс конкурстық түрде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде 06-07 сәуірде 2015 жылы өткізіледі. Бұл кезеңге ұйымдастыру комитетіне мерзімінде құжаттары өткізілген командалар қатысады.

Олимпиядалық жарыстың өткізілетін тілдері-қазақша, орысша.

Олимпиадалық жарысқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындарының командалары шақырылады. Олимпиадаға қатысу үшін 2 адамнан тұратын команда құру қажет. Команда топтары орыс және қазақ тілдерінде қатысады. Басқа қаладан келетін командалардың жетекшілерімен келуі шарт.

Олимпиаданың бағдарламасы және қажетті мағлұматтар Абай атындағы ҚазҰПУ-нің сайтында (www.kaznpu.kz) жарияланады және де Сіздердің жеке электрондық мекен-жайларыңызға жіберіледі.

Қажетті мағлұматтарды мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: izoanddpi@mail.ru, zanna_73@mail.ru

Олимпиадаға қатысу үшін оқу орнының бірінші жетекшісімен келісілген тапсырыстар 2015 жылдың 07-шы наурызына дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Ш. Уалиханов көшесі 64, Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институты.

Факс: 8-7272-917608

Телефон: 8-7272-917608

Барлық сұрақтар бойынша Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің орынбасары Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Сманова Ақмарал Смаилқызына, профессор Жаманқараев Серғазы Құсайынұлына және олимпиаданың кураторлары: Жанерке Шәйгөзоваға (ұялы тел. 8 707 4146490) және Мадина Сұлтановаға (ұялы тел. 8 701 5571501) хабарласуларыңызға болады. 

Қатысуға тапсырысты жібергеннен кейін электрондық поштамен техникалық кедергі болмас үшін (телефонмен)  анықтауларыңызды сұраймыз. Олимпиадаға қатысуға байланысты шығындарды жіберуші тарап көтереді. Топ жетекшілері алдын ала университетке жақын жерден қонақ үйге тапсырыс беруі қажет.              

5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік студенттер олимпиадасы

НҰСҚАУЛАР

«Қазақстан біздің ортақ үйіміз» атты студенттердің республикалық олимпиадасының мақсаты мен міндеттері

Жастар қай кезде де жеке әлеуметтік белсенділіктерін арттырып және шығармашылық көзқарастарын  қалыптастыруға тырысады, яғни мұны заманауи Қазақстанның жағдайында қоғамның дамуындағы негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырамыз. Мұндай дамудың формалары әр-түрлі және олардың ерекшелігі жастардың өмір сүріп жатқан мәдени кезеңімен тікелей байланысты.

Міне, бүгінде өзіміздің сүйікті «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығымыз бойынша кезекті Республикалық Олимпиада Алматы қаласының ең көне оқу орнының бірінде өтпек.

Біздің оқу орны түлектері әлемдік және отандық атақты қылқалам шеберлері мен суретші педагогтар, ғылыми ізденістерімен еңбек етуде. Жастар көп жаңалықты жасаушылар болып табылады, оның ішінде шығармашыл жастар. Сіздерде Қазақстанның шығармашыл жастары ретінде олимпиада өздеріңізді толықтай көрсете алуға болады.

 

1.РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

v    Жемісті даму, Қазақстан шығармашыл жастарының өмірлік және азаматтық көзқарастарының белсенділіктерін арттыру, сонымен қатар рухани және моральдық денсаулық, қатыгездік пен зұлымдыққа қарсы болу, қоғаммен ашық пікірлесумен қатар өзін сол қоғамның нақты тұлғасы екенін сезіну;

v    Көркемдік білім ала отырып өнер мен шығармашылық арқылы этникалық және мәдени ерекшеліктерге құрметпен қарау, Қазақстан жастарының арасында толеранттылықты қалыптастыру;

v    Еліміздегі түрлі оқу орындары ішіндегі «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттері арасында достық қарым-қатынас пен шығармашылық алыс-берістің қалыптасуын тудыру.

 

Олимпиада тапсырмалары

1.      Командалардың үй тапсырмаларын демонстрациялауы ( 10 минут). Командалардың Визиткалық карточканы-презентациялауы

2.        Үй тапсырмасын демонстрациялау: Мәдени жобаны дайыдау және презентациялау «Көркемдік білім берудегі инновациялық  модернизациялау әдістерін студент көзқарасы тұрғысынан қарастыру» (презентацияны ұсыну формасы), 15 минут. Үй тапсырмасы мақсаты болып отандық көркем мәдениетті сақтау мен көтеру болып табылады.

       Барлық ЖОО жетекшілері олимпиадаға әділқазы алқасы ретінде қатысады. Әрбір ЖОО екі команданы қатысуға беруге құқылы (қазақ және орыс бөлімдері) құрамында 2 студенттен әр команда үшін.

       Бірінші тур (сырттай) 2015 жылдың ақпан соңы мен наурыздың басында өткізіледі. Бірінші турда қатысу үшін қатысушы команда мұғалімнің жетекшілігімен, жоғары білім мекемесінің ғылыми жтекшісімен әр түрлі бағыттағы бастаманы сақтау және отандық көркем мәдениетті алға жылжытатын мәдени жобаны орындайды.

 

3. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу

 I кезең (іріктеу, оқу орнында)

 

I кезең - жоғарғы оқу орнында өткізіледі (ақпан-наурыз 2015 ж.).

II және III кезең  - конкурс ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-де өтеді.  06-07 сәуір 2015 жыл. Бұл кезеңге мерзімінен кешіктірмей қатысуға тапсырыс берген командалар өтеді.

II кезең

Олимпиаданың бірінші күні ( 06 сәуір 2015 ж.)

1) командалардың үй тапсырмаларын көрсетуі (20 минуттан);

 

III кезеңнің тапсырмасы:

 Олимпиаданың бірінші күні (06 сәуір 2015 ж.)

 

2)      Суреттен шығармашылық тапсырма.      

Адам портреті

Материал: А2 форматтағы қағаз (1/2 ватманның бөлігі), қарындаш.

Мақсаты: Модельге шығармашылық көзқараспен қарап, өнер аумағындағы біліктілігін көрсету.

Міндеттері:

  • қағаз бетінде композициялық көріністі дұрыс орналастыру;
  • сызықтық - конструкциялық құрылымды дұрыс табу;
  • модельдің мінезіндегі ерекшелігін ашатын көркемдік образды табу;
  • портреттің ұқсастығын таба отырып шығармашылық деңгейде орындау;

Тапсырманы орындау уақыты - 4 академиялық сағат.

 

Олимпиаданың 2-ші күні (07 сәуір 2015 ж)

 

2) Арнайы ұсынылған мәтінге көрнекілік құрастыру (көркемдік әдебиеттен үзінді).

Тапсырманы орындаудың міндеттері:

  • заттардың арасындағы кеңістік қарым-қатынасты анықтау
  • графикалық ерекшелеу мүмкіндіктерін пайдалану
  • заттарды сызықтық бейнелеуде жарық пен ауа перспективасын пайдалану
  • композициядағы негізгі мен артқы планды ашып көрсету
  • композицияның тақырыбына байланысты графикалық тұрғыдағы түс ерекшеліктерін анықау
  • қағаз бетіне бейнені композициялық тұрғыда сауатты орналастыру.
  • Тапсырманы орындау уақыты - 4 академиялық сағат
  • Олимпиада жүлдегерлерін сертификаттармен марапаттау. Олимпиаданың салтанатты түрде жабылуы.

 

Командалардың конкурсқа қатысуларын бағалау

Конкурстың әр кезеңдеріндегі жетістіктерін ескере отырып баллдық жүйемен баға беріледі (жоғары, орта, төмен). Баллдардың қосындысымен командалардың алған орындары анықталады 1,2,3 орындар (олимпиадаға қатысқан тілдері ескерілмейді).

 

 

 

Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі

Қатысушыларды конкурсқа тіркеу үшін келесі құжаттар қажет:

§ Команданың олимпиадаға қатысуы туралы тапсырыс (ақпараттық хатта көрсетілген форма бойынша).

§ Арнайы кезеңдерді өткені туралы құжат. I кезең (іріктеу кезеңі, оқу орнында). 

§ Алматы қаласына келуі мен кетуі туралы мағлұмат.

 

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу үшін

ТАПСЫРЫС

1.   Оқу орнының аты

2.   Команданың аты

Олимпиадаға қатысушылар жайлы мағлұмат:

-    Аты, жөні, тегі

-    Байланыс телефоны (ұялы телефон)

-    Оқу тілі

3.   Топтың жетекшісі жайлы мәлімет:

-  Аты, жөні, тегі

-  Қызметі

  Байланыс телефоны (үй, жұмыс, ұялы телефон)

4.Алматыға келу уақыты мен поезд №, вагон №.

5.Кету күні мен уақыты.

 

Тапсырысқа қосымша тіркеу қажет:

Студенттік билеттерінің көшірмесі, қатысушылардың жеке төлқұжаттарының көшірмелері.  

Олимпиаданың әділ-қазылар төрағасы және мүшелері ЖОО-ның мамандарынан сайланады.

 

Ұйымдастыру комитеті:

Сманова Ақмарал Смаилқызы - «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі

Жаманкараев Серғазы Құсайынұлы профессор, ҚР СОМ.

Мекен-жайы:

Ш.Уалиханов көшесі 64 үй, кабинет №15, 291-07-31, 8701-388-50-03

Тиісті материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіздер: izoanddpi@mail.ru zanna_73@mail.ru

Шайгозова Жанерке Наурызбаевна +7707-414-64-90

Бекболатова Құралай Маратқызы +77785311034