Main
News
18.04.2018 Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері Экономика жоғарғы мектебінде өткен конференцияда
2018 жылдың 12 - 14 сәуір аралығында «Экономика жоғарғы мектебі» Ұлттық зерттеу университетінде (Мәскеу) «Көптілді әлемдегі орыс тілі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жыл сайын өткізіледі және биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылардың назарына орыс тілінің әлемдегі басқа тілдермен өзара белсенді қарым - қатынас жағдайындағы орыс тілінің атқаратын рөліне қатысты сұрақтар қарастырылды. Атап айтқанда, Жоғарғы экономика мектебінде Тіл білімі мектебінің корпусын зерттеу зертханасында әзірленген Ресей академиялық корпусын (РҒБ) толықтыру және жетілдіру мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта 14 түрлі доминант тілдерінде сөйлейтіндер жазған, сонымен қатар қазақ тілінде жазылған орыс тіліндегі оқу мәтіндері берілген.
Сонымен қатар, конференцияға орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі профессор Сәуле Әбішева да қатысты. Қазіргі уақытта ҚР ҒБМ «2017 жылдың Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантын игеру аясында профессор лингвистика Мектебінде ғылыми тағылымдама өтуде. Сонымен қатар, конференцияға «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс докторанты Жұлдыз Төлебаева белсене қатысты.
Конференция материалдары Хельсинский университетімен бірлесіп жасалынатын арнаулы жинақта жарияланады.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы |