Main
News
20.04.2018 Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінің орындалу жүйесі талқыланды
2018 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінің жүзеге асырылуын талқылау, студенттердің жатақханадағы әлеуметтік жағдайымен танысу және үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағыты бойынша ашық пікір алмасу мақсатында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты және «НұрОтан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық Кеңесі өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге Университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, «Мирас» республикалық Кеңесінің мүшелері: ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева, жазушы Қанат Тасыбеков, айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева, «НұрОтан» партиясы Алматы қалалық және Медеу аудандық филиалы өкілдері, институт директорлары мен профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Бірінші проректор Мақтағали Бектемесов алғы сөзінде Елбасының халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінің маңыздылығына және стратегиялық сипатына тоқталып, еліміздегі білім саласының және жастар жағдайының өзекті мәселелері қамтылған әлеуметтік бастамалардың қажеттігін білім алуға құштар белсенді жастарға мемлекет тарапынан жасалған үлкен әлеуметтік қамқорлық екендігін айтты.
Сөз кезегінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева Елбасы үндеуінде ауқымы кең, мәні терең мәселелер қамтылғандығын, мемлекет тарапынан білім алушы жастар саны артуымен туындайтын жатақхана мәселесінің де шешілу жолдарының айқындалғандығын айтып, Президентіміздің бастап отырған бастамалары жастар үшін өте маңызды екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, 2018 жылдың 5 наурызында қазақ халқына жолданған Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» қарастырылған барлық мәселелерге қаражат бөлінгендігі және бастамалардың орындалу жүйесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізілгендігін айтты. Сөз соңында қатысушыларға бес бастамада аталған бағыттарды талқылап, ой бөлісуге шақырды.
«Дарын» сыйлығының лауреаты, айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева өз кезегінде бес бастама аясында білім саласында еңбек етіп, жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын оқытушылардың мәртебесін көтеру және біліктілігін арттыру бағытының маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында Университетіміздің Филология және көптілді білім беру институттының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы және 3 курс студенті, Жастар ісі жөніндегі комитеттің мүшесі Дидарбек Ділдәбек Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жолдары туралы ойларын ортаға салып, Үндеуде ұсынылған мәселелер жүйелі түрде орындалатындығына сенім артатындықтарын білдірді.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |