қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
05.05.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

 


 

2018 жылдың 4 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қою мақсатында ректор Такир Балықбаев Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығының (ТЖ және ТАҚТО) директоры Валерий Петровпен кездесті.

 

Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы - тараптармен келісілген іс-шаралар арқылы төтенше жағдайлар қаупін азайту мен олардың зардаптарын төмендетудің тиімді механизмдерін қамтамасыз ету, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған тұрақты мемлекетаралық орган - халықаралық ұйым болып табылады.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен ТЖ және ТАҚТО-ның бірлескен екіжақты ынтымақтастығының негізгі бағыттары: академиялық ынтымақтастықты дамыту (студенттер мен қызметкерлердің тәжірибеден және тағылымдамадан өтуі), арнайы оқыту жаттығулары мен тренингтер арқылы сарапшылар мен мамандарды даярлау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, еріктілер ұйымдарын қалыптастыру және апаттар қаупін азайту саласында тәжірибеден өту мақсатында сарапшылардың деректер базасын құру және жүйелі жаңарту, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, өнімдер мен қызметтерді ұсыну.Іс-шараға ректор Такир Балықбаев, ТЖ және ТАҚТО директоры Валерий Петров, ТЖ және ТАҚТО-ның төтенше жағдайлар бөлімінің бас сарапшысы Батырхан Утепов, ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов және Азаматтық Қорғаныс штабының бастығы Евгений Салтанов қатысты.

 

 

Кездесу барысында ректор Такир Балықбаев Университеттің 90 жылдық мерейтойы аясында атқарылатын міндеттер: жоғары білім беруді жаңғырту, нарықтың нақты қажеттіліктері үшін білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде қайта қарау, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту туралы айтып, қазіргі кезеңде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен оқытудың тәсілдерін атап өтті.

 

Өз кезегінде ТЖ және ТАҚТО директоры Валерий Петров қатысушыларға Орталықтың қызметі, оның мақсаттары, міндеттері мен әлеуеті туралы айтып, авариялардың алдын алу және жою, тәуекелдерді төмендету бағытында бірлескен қызметті жоспарлау және жүзеге асыру арқылы барлық мүдделі ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жеткізді.

 

Кездесу соңында Университет пен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ректор Такир Балықбаев қонақтарға алғысын білдіріп, серіктестік негізінде ынтымақтастық одан әрі жемісті болатынына сенім білдірді.

 

Авторы: Римма Жанбаева

05.05.2018 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz