қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
14.04.2015

2015 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығына арналған "Ассамблеяның Қазақстан халықтарының қоғамдық және азаматтық келісімдерді қамтамасыз етудегі рөлі : әлеуметтік экономикалық , халықаралық және саяси-құқықтық мәселелер" тақырыбында халықаралық ғылыми әдістемелік конференция өткізіледі.
Қазақстан Республикасы ежелгі заманнан бастап заңдарға сүйене келе және тарихи мұрагерлік жолдарын, саяси және мемлекеттік құрылымдарын сақтап, өз жалғасын тауып келеді.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін сақтау және ұлттық мемлекеттілігін күшейту жолында барлық іс-шаралар жасау үстінде. Халықтың даналығы мен толеранттығы жаңа мемлекеттің төңірегінде этникалық тегі, әлеуметтік және діни наным- сенімдеріне қарамастан барлық азаматтарды біріктіруші қызмет атқарады. Тәуелсіздіктің қалыптасуы мен ең күрделі жылдары халықтың даналығы арқасында және еліміздің бірінші президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясаты арқасында ұлтаралық қақтығыстар мен қоғамдық бөліну т.б. болдырмау жолдары жүзеге асты. Қоғамның ауызбіршілігіне ішкі саяси тұрақтылық пен азаматтық келісімдер және ұлтаралық татулық қағидалары негізінде қол жеткізілді. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы бүгінгі әлемде болып отырған геосаяси дағдарыс мерзіміне дәл келіп отыр және Қазақстан Республикасының оңтайлы тәжірибесі көптеген елдер үшін үлгі деуге болады. Конференцияның негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі көптілді және көп мәдениетті кеңістігінде , Қазақстан халықтары Ассамблеясының халықаралық тәжірибесі, Қазақстан халықтары Ассамблеясының саяси-құқықтық қызметтерінің негізі. Конференция шеңберінде секциялардың жұмысы, профессор- оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерінң көрмесі және баспасөз- конференцияларын өткізу жоспарланып отыр. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдары мен көрнекті қоғам қайраткерлері, алыс-жақын шет елдерден ғалымдар шақырылған.
Конференцияның өткізілетін орыны: Алматы қаласы, Абай атындағы КазҰПУ, көптілді білім беру институты, Жамбыл көшесі, 25, конференц-залы, Өткізілетін күні мен уақыты: 20 сәуір 2015ж., сағат 10. Жауапты тұлға: Сабитова Шынар Әлімханқызы: 87017591075
Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы.