Main
News
18.05.2018
Clarivate Analytics халықаралық мәліметтер базасында қазақстандық журналдарды индекстеу бойынша куәлікті салтанатты тапсыру рәсімі
2018 жылдың 15 мамырында «Ғылым Ордасы» ғимаратында 4 академиялық журнал: «ҚР ҰҒА xабаршысы; ҚР ҰҒА xабарлары. Химия және теxнология сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Физика-математика сериясы; ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» атты 4 академиялық журналды Clarivate Analytics (бұрынғы Thomson Reuters) халықаралық мәліметтер базасында индекстеу бойынша Куәлікті ҚР ҰҒА-на салтанатты тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты жиын АҚШ-тың Филадельфия қаласында орналасқан халықаралық Clarivate Analytics компаниясының ТМД және Ресей бойынша директоры Олег Уткиннің қатысуымен өтті.
Жиын барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жүрінов, Clarivate Analytics компаниясының ТМД және Ресей бойынша директоры Олег Уткин, ҚР ҰҒА -ның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің төрағасы, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Қ. И. Сәтбаев атныдағы ҚазҰТЗУ ректоры Искандер Бейсембетов, ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов баяндама жасады.
«ҚР ҰҒА Хабарлары журналы. Әлеуметтік ғылымдар және гуманитарлық ғылымдар сериясы», «ҚР ҰҒА Хабарлары журналы. Аграрлық ғылымдар сериясы», «ҚР ҰҒА Хабарлары журналы. Биологиялық және медициналық сериясы» журналдары және «ҚР ҰҒА баяндамалары» Clarivate Analytics дерекқорына енгізілуде және қарастырылуда.
1946 жылдан бастап ҚР ҰҒА шығаратын 8 ғылыми журнал (ҚР ҰҒА баяндамалары; ҚР ҰҒА xабаршысы;ҚР ҰҒА xабарлары. Биология және медицина сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Физика-математика сериясы; ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Химия және теxнология сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Аграрлық ғылымдар сериясы) - ХХ ғасырдың 60-шы және 70-ші жылдары жоғары рейтингті ғылыми журналдардың халықаралық реестріне енген және олар Қазақстан ғылымның келбеті болып табылады.
1960 жылдан бастап олар 73 шетелдердің - АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония және т.б. - ірі ұлттық кітапханаларына жіберіліп келеді.
|