қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.04.2014

 

«Құқықтық және экономикалық фактор- жемқорлық пен құқық бұзушылықпен күресу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстелдің өтілгені туралы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының есебі

 

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі тек қана Қазақстан үшін емес, әлем елдерінің көпшілігі үшін бірден бір өзекті мәселе болуда. Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықта ұлттық шекара болмайды. Ол барлық жерде таралған. Бүгінде «жемқорлық» ұғымы барлық әлем елдерінің газет, журнал, баспа сөз беттеріндегі мақалаларда жиі айтылып жүр. Осыған байланысты 20.03.2014 ж. Сағ 10.00 мен 12.00 аралығында ҚАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, СПбМҚУ студенттері мен оқытушыларының қатысуымен «Құқықтық және экономикалық фактор- жемқорлық пен құқықбұзушылықпен күресу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осы шараның мақсаты: студентердің құқықтық, кәсіби, адамгершілік деңгейін жоғарылату, жемқорлықпен күрес бойынша ұсыныстар мен құралдар дайындау, жемқорлықпен күрес және қарсы әрекет ету процесінде қызығушылық танытқан барлық мүдделі тараптарды тарту. Іс-шараны ұйымдастырушы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары з.ғ.к А.М.Сералиев және э.ғ.к.,А.Н.Казиев. Дөңгелек үстел мәжілісін тарих факультетінің деканы, профессор Б.С.Жұмағұлов ашты, сонымен қатар құттықтау сөздерімен ӘГП кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., А.С.Жақсыбеков және шақырылған қонақ Арбитражды сот төрағасы Р.И.Шокатаев сөз алды. Дөңгелек үстел барысында студенттерге 12 жоба ұсынылды. Қарастырылып отырған мәселелер бойынша оқылған баяандамалар мен хабарламалар қызу пікірталастар тудырды. Әсіресе білім жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша тәжірибелерге көптеп тоқталды. Жемқорлықпен күресу аясында халықаралық әріптестікті дамыту, көрсетілген аспекттер бойынша қылмыстық әрекеттерді зерттеу жобаларын дамыту, қарастырылып отырған экономикалық мәселеге құқықбұзушылық және мемлекеттік билік органдарының, құқық қорғау органдарының назарын БАҚ өкілдері мен қоғамның назарын аударту туралы қатысушылармен қорытынды құжат қабылданды. Іс шара соңында Арбитражды сот төрағасы Р.И.Шокатаев жемқорлықпен күресу жөнінде өзінің көзқарасы мен пікірін білдірді. Іс-шараны қорытындылай келе тарих факультеті деканының орынбасары Г.К.Балахметова диплом және сертификаттармен марапаттап «Қазақстан Республикасындағы жемқорлық» фильмі көрсетілді.

 

ӘГП кафедрасының мең.п.ғ.д.,                        Жаксыбеков А.С.