Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткен конференция
Белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Надежда Дмитриевна Хмельдің 85 жылдығына орай осы оқу-білім ордасында «Тұтас педагогикалық процесс теориясы - болашақ мұғалімді кәсіби дайындаудың негізі» тақырыбында өткізілген ғылыми-практикалық конференцияға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, мұғалімдер мен ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар, аспиранттар, білім беру саласының мамандары шақырылды.
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, академик С.Ж.Пірәлиев өзінің кіріспе сөзінде Надежда Дмитриевна Хмельдің отандық педагогикалық ғылымда, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарихында ерекше орын алған ғалым екендігіне кеңінен тоқталды. Ғалымның кәсіби еңбек жолы осы оқу ордасымен тығыз байланысты болған. Педагог-ғалым тұтас педагогикалық процесс теориясын қалыптастырып, оны Қазақстан Республикасының педагогикалық ғылымына енгізді. Ғалымдық қабілеті сан қырлы Н.Д.Хмель өз ғылыми мектебін құрып, «ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми негіздері» атты зертханаға жетекшілік етті. Білгір педагог, ізденгіш ғалымның теориясы жоғары педагогикалық білім беру ісін модернизациялау кезінде методологиялық негізге айланды.
Конференцияға қатысушылар өз ғылыми баяндамаларында Н.Д.Хмельдің ғылыми-педагогикалық қызметіне жоғары баға берді.
Конференция материалдары енгізілген екі томдық жинақта қазақстандық, ресейлік, уркаиналық, қырғызстандық т.б. ғалымдардың 150-ден астам баяндамалары жарық көрді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Ақпарат орталығы