қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.06.2014

Париж Сорбоннасы және Абай атындағы ҚазҰПУ: Келісімге қол қойылды

 

2013 жылдың қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Париж қаласындағы Сорбонна университеті арасында Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Сорбонна-Қазақстан» институтын ашу туралы Меморандумға қол қойылған болатын.
Аталған халықаралық жоба Қазақстан Республикасы мүше болып отырған Болон (Италия) Декларациясының талаптары мен принциптеріне толық сәйкес келеді. «Қазақстан-Сорбонна» институтының біздің туған топырағымызда ашылуы отандастарымыздың беделді еуропалық білім алуына, халықаралық білім стандарттарына сай келетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, жастарымыздың «Қос диплом» бағдарламасы бойынша екі елдің де дипломдарын алып шығуына мүмкіншілік береді.
2014 жылғы 30 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жобаны жүзеге асыруға қатысты Қосымша Келісімдерге қол қою рәсімі өткізілді.
Қосымша Келісімде Магистратураның «Жаһандану жағдайындағы халықаралық диалог» (халықаралық қатынастар) және «Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару» (менеджмет) мамандықтары бойынша «Қосдипломдық» бағдарлама енгізу; Париж қаласындағы Сорбонна университеті профессорларының қатысуымен 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ашық дәрістер серияларын өткізу жөнінде жаңа мәселелер енгізіліп отыр..
2014-2015 оқу жылына магистратураның әрбір мамандығы бойынша 100 білім беру гранты бөлінеді. Дәрісті француз профессорлары өткізеді. Қосымша Келісімге қол қою рәсіміне Француз делегациясының мына төмендегі мүшелері қатысты:
1. Жан-Ив Мэриндоль - Сорбонна Париж-сити университетінің Президенті;
2. Марек Халтер - француз жазушысы және қоғам қайраткері ;
3. Мария-Сабилле Винне - Inalco халықаралық істер Про-Президенті.
4. Дидро Петиа Колева - Париж университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі Про-Президенті;
5. Габриель Коста - Париж-Сорбонна университетінің халықаралық істер жөніндегі директоры;
Қосымша Келісімдерге Қазақстан тарапынан Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пірәлиев қол қойды.
Халықаралық деңгейдегі осы іс-шараға Францияның Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматыдағы ғылыми қауымның , ҚазҰПУ-дың және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы