қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
27.08.2022

Құрметті ізденуші

 

Бос жұмыс орны жабық

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Университет) келесі бос лауазым бойынша конкурстық іріктеуді жариялайды:

- Өнер, мәдениет және спорт институты директорының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Директордың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Жоғары білімі және (н/е) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, магистр академиялық дәрежесі, білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша конкурстық комиссия әкімшілік-басқару персоналы қатарынан басшы лауазымдардың басқа санаты бойынша Университеттің кадр резервіне алуға конкурстан өтпеген ізденушілерді ұсынуға құқылы.

 

Егер Сіз конкурсқа қатысуға қызығушылық танытсаңыз, құжаттарды 2022 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) жолдауыңызды сұраймыз.

 

Конкурстық құжаттар сканерленген нұсқада келесі электрондық поштаға ұсынылу мүмкіндігі бар: hr.konkurs-2022@abaiuniversity.edu.kz, сондай-ақ, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 (№103 кабинет, 1 қабат) мекен-жайы бойынша қолма-қол қабылданады.

 

Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.

 

Анықтама телефондары: 8(727)291-82-57.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, тапсырады:

1) түйіндеме;

2) жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері, академиялық және ғылыми дәрежесі (болған жағдайда), ғылыми атағы туралы құжат (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

3) келесі тақырыптарды көрсететін (электронды түрде, көлемі 5 слайдтан артық емес) жобаларды таныстыру:

1) «Алдағы 3 жылдағы Институттың жалпы көрінісі»;

2) «Академиялық қызметтегі инновациялар»;

3) «Ғылыми қызметті дамыту»;

4) «Тәрбие қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері».

 

Презентацияға қойылатын жалпы талаптар: 1 (бір) презентацияға қажетті уақыттың орташа есебі 7 минуттан аспауы тиіс, ұсынылатын шрифт өлшемі ≥ 20.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) және т. б. қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

 

* Байқаудан өткен жағдайда құжаттардың толық тізімін ұсыну қажет.

 

Ереже

 

Өтініш