Main
News
27.09.2018 Польша Республикасының ғалымы Абай атынданғы ҚазҰПУ-нің қонағы
26 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ольштын қаласының (Польша Республикасы) Варминск-Мазурск университетінің профессоры Александр Киклувичтің «Дискурс және стилистика теориясы» тақырыбында дәрісі оқылды. Тақырыптың ғылыми тереңдігі мен оқытушының әсерлілігі ұштасып бұл кездесу жемісті және есте қаларлықтай өтті.
Танымал ғалым, лингвистикалық зерттеулер әдістемесінің маманы Александр Киклевич - орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының әріптесі және ғылыми серіктесі. Сонымен қатар, біздің оқытушыларымыз да Польшада ұйымдастырған ғылыми конференциялар мен семинарлардың қатысушылары.
Польша ғалымының дәрістерінен студенттер, магистранттар және докторанттар лингвистика саласындағы жаңа ғылыми ізденістерді біліп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына серпін алды.
Профессор Александр Киклевич Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90-жылдығына арналған салтанатты шараларына қатысады.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы |