қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.11.2018

«Жаңартылған орта білім мазмұнын педагогикалық профильдегі білім беру бағдарламаларына интеграциялау» семинары

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту бойынша «Педагогикалық білім беруді жаңғырту» Республикалық конференцияның шешімін орындау мақсатында (29 қазан 2018 ж.) 6В01-7М01-8D01 Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА және Назарбаев зияткерлік мектептері өкілдерімен бірігіп 2018 жылдың 15-16 қарашасында ҚР ЖОО білім беру бағдарламаларын дайындаушыларға «Жаңартылған орта білім мазмұнын педагогикалық профильдегі білім беру бағдарламаларына интеграциялау» тақырыбында семинар өткізді.

 

Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев кіріспе сөзінде білім беру бағдарламасының білім беру жүйесіндегі жаңартылған мазмұнды іске асыратын мамандар даярлауда заманауи талаптарға сәйкес дамытудың маңыздылығын атап өтті.


Семинардың бірінші күні НЗМ Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары Арайлым Мағзұмова «Орта білім беру мазмұнын жаңарту тәсілдері», НЗМ Білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері Екатерина Вьюшкова «Жалпы орта білім беретін мектептердің МЖМБС және оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны», НЗМ Педагогикалық өлшемдер орталығы директорының орынбасары Айдана Шилибекова «Білім алушылардың оқу жетістіктеріне критериалды бағалау жүйесін ендіру», Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Қарлығаш Қалдарованың «Орта білім беру мазмұнын жаңарту тұрғысынан оқыту әдістемесі» презентациялары ұсынылды.

 

Семинардың екінші күні Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Үштілділік білім орталығының директоры Ляйля Сырымбетованың «Білім берудің жаңартылған мазмұны компоненттерін педагогикалық мамандықтардағы білім беру бағдарламаларына интеграциялау» презентациялары ұсынылды.

 

Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.