Main
News
25.11.2014 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрамындағы «Сорбонна-Қазақстан» Институты
2013 жылы 17 қырқүйекте Сорбонна Париж сити университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында қызметтестік туралы Меморандумға қол қойылды. 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелерінің» талаптарына сәйкес қабылдау жүзеге асырылды. Конкурсқа Қазақстанның Павлодар, Қарағанды, Астана, Қостанай және Алматы сияқты әр түрлі аймақтарынан 130 талапкер қатысты. 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Жаһандану жағдайларындағы халықаралық диалог» және «Заманауи әлемде өзгерістерді басқару» атты екі бағдарлама бойынша магистрлер даярлау басталды. Біздің түлектеріміз «Халықаралық қатынастар» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша мемлекеттік үлгідегі Қазақстандық дипломға сонымен қатар аталған білім беру бағдарламаларына сәйкес француз дипломына ие болады. Осындай жолмен білім алудың артықшылықтары айқын көрініп тұр: дәл сол оқыту кезеңінде студенттер екі елде де заңды мәртебесі бар қос диплом алады. Осы уақыт ішінде магистранттар француз әдістемесі бойынша жұмыс істеу жөнінде бай тәжірибе жинақтайды, материалды меңгерудің қазақстандық студенттер үшін соны әдістерін үйренеді. Аталған бағдарлама бойынша алынған Сорбонна дипломы түлектерге көп артықшылық береді: мұндай дипломды француздық қана емес, басқа да шет елдердің жұмыс беруші компаниялары жоғары бағалайды. 2014 жылғы 11 қыркүйекте Француз Республикасы сенатының «Франция-Орталық Азия» Парламенттік достық тобының делегациясы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға келді. Делегация құрамында сенатор Андре Дюлэ мырза, делегация мен аталған достастық тобының басшысы, бұрынғы білім министрі Доминик Жийо ханым, Катерин Прокация ханым және «Франция-Орталық Азия» достық тобының атқарушы хатшысы Мишель Лафландр мырза болды. Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибесі оның ЖОО арасындағы халықаралық қарым-қатынастарды орнатудағы белсенді рөлін және осындай педагогикалық іс-тәжірибе үлгісінің заманға сай екендігін, оның тиімділігін, жаһандық сұранысқа ие болатындығын көрсетеді
|