қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.01.2011

17 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  Алматы аумағындағы  жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесі мен Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындары  қауымдастығы бірлесе отырып, демократиялық күштердің «Қазақстан - 2020»  жалпыұлттық коалициясына  кіру жөніндегі  біріккен мәжілісі болып өтті. Оның мақсаты  -- Қазақстан Республикасы Президентінің  өкілеттік мерзімін  2020 жылға дейін  ұзарту жөніндегі референдум өткізуді қолдау.

 Ректорлар кеңесінің жиналысы «Нұр Отан» ХДП-ның бастамасымен құрылған демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық коалициясына енуге шешім қабылдады.