Тәуелсіздік күні құрметіне
Қазақстан Республикасының Басты мерекесі-Тәуелсіздік Күні қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде осы айтулы мерекеге арналған салтанатты жиналыс өткізілді.
Университеттің екбек ұжымы мен студент-жастар қауымы қатысқан бұл жиынды оқу орнының бірінші проректоры Мүбарак Ермағанбетұлы Ермағанбетов ашты. Ол өз сөзінде Тәуелсіздік күнінің Қазақстан тарихындағы маңызына тоқталып, Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін өткен 23 жылда халқымыздың Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана басшылығымен қол жеткізген табыстары жайлы кеңінен әңгімеледі.
Содан соң М.Е. Ермағанбетов жиналғандарды мерекемен құттықтап, еңбекте және қоғамдық өмірде ерекшеленген бір топ профессорлар мен оқытушыларға және ЖОО қызыметкерлеріне марапаттар-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Төс белгілерін, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Құрмет грамоталарын тапсырды.
Жиын соңында үлкен мерекелік концерт қойылды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Баспасөз орталығы