Main
News
10.12.2018
Шанхай университетіндегі ғалымдардың бірлескен зерттеулері Қараша айының соңында Қытайда Шанхай қаржы және экономика университетінің Математикалық мектебінде «Қаржы және экономикамен байланысты математикалық модельдеу және жасанды интеллект алгоритмдері» бірлескен ғылыми зерттеу гранты бойынша Ресей, Жапония, Қытай және Қазақстан ғалымдарының тобы жиналды. Жобаның үйлестірушісі - математика мектебінің деканы, Қытай математикалық қоғамының вице-президенті профессор Jin Cheng.
Қазақстаннан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Инженерлік академиясының академигі Мақтағали Бектемесов қатысуда. Ол жоба туралы: «Бүгінгі таңда экономикалық процестер адам өмірінде үлкен рөл атқарады, өйткені олар біздің күнделікті өміріміздің әр бөлігіне қатысады, ал халықтың өсуі мен капиталдың жинақталуы бұл елдер мен мемлекеттердің мәселесі.
Сондықтан қаржы-экономикалық есептерде пайда болатын динамикалық жүйелердің параметрлерін анықтаудың сандық зерттеуі үлкен қызығушылық тудырады. Өлшеуге қиын параметрлерді анықтау қажет, олардың маңызы үлкен, өйткені оларды есептеуден кейін мемлекеттік деңгейде болашаққа арналған болжамдар мен жұмыс жоспарын жасауға болады. Параметрлерді қалпына келтірудің тиімді әдісі кері есептерді шешу болып табылады.
Біздің зерттеу тобы Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімінің - Есептеу математикасы және математикалық геофизика Институтының, Экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру Институтының және Новосібір мемлекеттік университетінің Механика-математика факультетінің қызметкерлерінен тұрады. Сондай-ақ, әрбір қатысушы ғылыми жұмыстардан басқа, Шанхай қаржы және экономика университетінің математика мектебінің ғалымдары, докторанттары мен магистранттары үшін дәріс оқып, семинарда баяндама жасайды. Бұл оңай емес, бірақ өте жауапты іс».
Суретте солдан оңға профессор Shuai Lu (Қытай); Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры, профессор М. А. Бектемесов (Қазақстан); Математика ғылымдарының Жоғары мектебі, Токия университеті профессор Масахиро Ямамото (Жапония); Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты директорының орынбасары профессор М. А. Шишленин (Ресей); Экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру институтының директоры, РҒА корр. мүшесі В. А. Крюков (Ресей).
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
|