қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.12.2018

«Алисаның Комландия еліне саяхаты»

 

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Педагогика және психология институтында «Алисаның Комландия еліне саяхаты» тақырыбында педагогикалық қойылым болып өтті.


Бұл мерекелік іс-шара п.ғ.д., профессор Наталья Ханның жетекшілігімен «педагогика» пәнін қорытындылау мақсатында «биология», «география», «аударма ісі», «халықаралық құқық» мамандықтарының I-курс магистранттарымен ұйымдастырылған болатын. Биылғы жылы педагогикалық үдерістер «Алисаның Комландия еліне саяхаты» ертегісінде көрініс тапты. Көрермендер ертегі елінің қалаларына саяхаттау арқылы өз білімдерін тереңдей түсті.


Комландия елінің бірінші қаласы - Культком. Мұнда мәдениеттің ерекшеліктеріне назар сала отырып, оның маңыздылығын аша түскен. Келесі Интелком қаласында көрермен әртүрлі ғылыми ашылуларының куәгері бола алды. Ал, Комком қаласында ұлы Абай мен Жюль Вернның өсиетін есту мүмкіндігі туды. Соңғы Педком қаласына бара отырып, көрермен ұлы Конфуцийды көре алды. Қазіргі қоғамның білім беру саласындағы қажеттіліктерін білікті мамандардың сапалы дайындығынсыз іске асыру мүмкін емес. Осыған орай, магистранттар кәсіби құзіреттіліктің түрлерін өнер мен шығармашылық арқылы көрсетіп берді.

 

Ұйымдастырылған іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғ.д., профессор Берікжан Альмухамбетов, психология ғ.д. Лязиза Сарсенбаева, педагогика ғ.к. Гүлзира Абдуллаева, 1 және 2 курс докторанттары мен магистранттары қатысты.