қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.12.2018

«Эко-клуб біздің өмірде»
қорытынды конкурсы


2018 жылы 8 қыркүйек күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90-жылдығына орай «Экологиялық клубтар» Жобасы аясында Алматы қаласы Медеу, Алмалы, Әуэзов, Бостандық аудандары мектептерінің экологиялық клубтары арасында «Эко-клуб біздің өмірде» қорытынды конкурсы өтті.


Конкурсты өткізудің негізгі бағыты - экологиялық білім беру бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдерді меңгерген дарынды оқушылар мен ерікті, студент жастарды анықтау.


«Экологиялық клубтар» Жобасы аясында конкурс мақсаты екі турда жүзеге асырылды.


1) Бірінші тур - Алматы қаласы мектепаралық, экоклубтар арасында.


2) Екінші тур - Абай атындағы ҚазҰПУ базасында.


Бірінші тур қорытындысы бойынша тренер ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты, Жаратылыстану және география институты, Филология және көптілді білім беру институтының ерікті студенттері дайындаған 10 мектептің экологиялық клубтарының финалист-командалары анықталды.

 

Экологиялық клубтарының финалист-командалары:

- КММ «№ 143 мектеп-лицейі»;
- КММ «№148 мектеп-гимназиясы»;
- КММ «№ 4 Гимназия»;
- КММ «№ 46 Гимназия»;
- КММ «№ 105 Гимназия»;
- КММ «Пристиж» мектебі;
- № 17 Жалпы білім беретін мектеп-интернат;
- № 12 Гимназия Ш. Уалиханова атындағы;
- КММ «№55 Жалпы білім беретін мектеп»
- Назарбаев Зияткерлік мектеп физика-математикалық бағыт.

 

«Эко-клуб біздің өмірде» екінші тур аясында экологиялық клубтар командаларының қатысушылары өздерінің қалдықтарды өңдеу бойынша шығармашылық жұмыстарын ұсынды.


«Таныстыру» конкурсында экоклубтардың таныстыру презентациясы қойылды және «Эко-театр» конкурсында өзекті экологиялық тақырыптарға қойылым көрсетілді. «Блиц-сұрақ» теориялық конкурсында қатысушылар эко-клубтардың практикалық сабақтарында алған білімдерін ұсынды.


«Эко-клуб біздің өмірде» қорытынды конкурсы турларының нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған команда алға шықты.

 

Қазақ мектептерінің арасындағы финалист-командалар:


Бірінші орын:
- КММ «№148 мектеп-гимназиясы».
Екінші орын:
- № 17 Жалпы білім беретін мектеп-интернат;
- КММ «№ 143 мектеп-лицейі».
Үшінші орын:
- № 12 Гимназия Ш. Уалиханова атындағы;
- Назарбаев Зияткерлік мектеп физика-математикалық бағыт.


Орыс мектептерінің арасындағы финалист-командалар:


Бірінші орын:
- КММ «№ 46 Гимназия».
Екінші орын:
- КММ «№ 105 Гимназия»;
- КММ «Пристиж» мектебі.
Үшінші орын:
- КММ «№ 4 Гимназия»;
- КММ «№55 Жалпы білім беретін мектеп».

 

1,2,3 жүлделі орын алған барлық қатысушылар, Алматы қаласында мамыр айында өтетін «ЯркоКросс» марофонына билеттер алды.


Конкурс «Мейірім» еріктілер клубының шығармашылық топтарының музыкалық өнер көрсетуімен және жеңімпаздарды құттықтауымен аяқталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы