қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.01.2019

Жастар жылына арналған «Аctive style»

 

2019 жылдың 24 қаңтар күні сағат 18:00-де Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті мен Жастар ісі жөніндегі комитетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Жастар жылының» ашылуына орай «Медеу» мұз айдынында «Active style» жаппай сырғанау акциясы өткізілді.


Студенттерді Жастар жылымен құттықтаған университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов Елбасының жастарға жасап отырған қамқорлығы туралы баяндап, «Жастар жылы» оқу ордамызда да іргелі шаралар мен ауқымды істер атқарылатындығын тілге тиек етті.

 

Акция университетіміздің 700-ге жуық білім алушыларының қатысуымен «Жастар жылын» қолдауға арналған флешмобпен ашылды. «Жаса, Қазақстан», «Алға, Қазақстан жастары!» деп ұрандатқан студенттердің асқақ үндері барлық акция қатысушыларын үлкен серпіліс берді.

 

Одан әрі шара университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мен жасттардың жаппай сырғанауына ұласты. Шара соңында барлық қатысушы жастар мұз үстіндегі мерекені ұйымдастыруға қолдау көрсеткен университет ректоры Такир Балықбаев пен шара ұйымдастырушыларына шын көңілден алғыс айтты.


Кез-келген іс еңбекті талап етеді. Демек, жалаң сөзден іске көшіп, жұдырықтай жұмылып, «Жастар жылына» бірге атсалысуға ҚазҰПУ жастарын шақырамыз!

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар
және жастар саясаты департаменті