қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
02.03.2016

2016 жылдың 30 наурызы күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы ҚазҰПУ базасында Республикалық кеңес мәжілісін «Қазақ тілі және ұлттық тәрбие» өткізеді.
Республикалық кеңестің мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы Дала Елі" идеясын Қазақстан халқы және өскелең ұрпақ арасында жаппай насихаттау мен түсіндіру, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ тілінің өзектілігі мен ұлттық тәрбиенің маңыздылығын жеткізу.
Кеңес мәжілісінің өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, Достық даңғылы 13, үлкен конференц-зал, 225-дәрісхана.
Қатысушыларды тіркеу: 9.00 сағ. (Достық даңғ., 13, Абая ат. ҚазҰПУ Бас ғимаратының фойесі)
Мәжілістің басталуы: 10.00 сағ. (Үлкен конференц-зал, 2-қабат, 225- ауд.).
Мәжілістің аяқталуы: 16.00 сағ.