Main /
Announcements
11.03.2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Информатикадан Республикалық студенттік олимпиада Қазақстан Республикасы, Алматы қ, 19-22 сәуір 2016 жыл
Құрметті оқытушылар және студенттер!
ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы пәндік олимпиадаларды базалық ЖОО-да өткізу кестесіне сәйкес, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің VIII Республикалық олимпиадасы 5В011100-Информатика мамандығы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институтында өткізіледі. ЖОО-ы олимпиадаға үш студенттен тұратын команданы жіберуі тиіс. Команда жетекшісі ретінде ЖОО-ның штаттағы оқытушысы команданы әкелуі тиіс.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады: 1- кезең : Программалау пәнінен есептер шығару (командалық тур); 2- этап: Программалау пәнінен есептер шыгару (жекелей тур).
Программалау тілдері: Pascal, Basic, C/С++ Олимпиаданы жүргізу тілі - қазақ, орыс тілдері.
Командалық турда ЖОО командасының барлық қатысушылары бірігіп есептер шығарады. Бірінші кезең нәтижесі бойынша жеңімпаз командалар анықталады. Жекелей тур 1-кезеңге тәуелсіз өтеді және жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз болып танылады. Жинаған ұпайы тең болған жағдайда есеп шығаруға кеткен уақыт ескеріледі.
Әр ЖОО-ны программалау пәні бойынша есептерді іріктеуге 3 тапсырмадан ұсына алады. Есеп шарты .DOC форматында екі тілде (қазақ, орыс) берілуі тиіс. Есеппен бірге, оны тексеруге арналған тест 5 нұсқамен (бастапқы және шығарылатын нәтиже мәліметтері) берілуі тиіс.
Есеп шығаруға төмендегідей программалық қамтамасыз етулер ұсынылады:
Егер қатысушыларға басқа да программалық құралдар қажет болса, сұраныста қажетті компиляторды көрсетулеріңізді өтінеміз. Егер сұраныста компилятор корсетілмеген болса, онда қатысушылар ұсынылған программалық құралдармен жұмыс істейтін болады.
Олимпиадаға қатысу туралы сұраныс ЖОО-ның бірінші жетекшісімен расталған болуы және тіркеу карточкалары 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін мына e-mail: olimp2016infkaznpu@mail.ru. мекен-жайы бойынша қабылданады. Сұраныс (қолы, мөрі және шығыс номері қойылған) сканерленген электрондық түрде жіберіледі. Сұраныстың түп нұсқасы жарысқа келгенде ұсынылуы тиіс. Тіркелу карточкасы көрсетілген электрондық адреске .doc форматында жіберілуі қажет. Қатысушы сертификатын толтыру үшін студенттің жеке куәлігі және сынақ кітапшасының көшірмесі жіберілуі тиіс. Тұратын және жол ақысының шығындарын жіберуші жақ көтереді. Алматы қаласындағы қонақ үйлердің байланыс телефондары: «Астана» қонақ үйі, Алматы қ, Толе би көшесі 179а (Ауезов көшесінің қилысы) Тел: 8-(727)-379-67-78, 379-65-67. «Туркестан» қонақ үйі, Алматы қ, Макатаев көшесі 49 Тел: 8-(727)-266-41-38. «Европейский хостел» қонақ үйі, Алматы қ, Тулебаев көшесі 38/61 (Макатаев көшесінің қилысы) Тел: 8-(727)-273-30-94.
Ескерту: Алматы қаласында қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу «Оңай» карточкасы арқылы жүргізіледі.
Қатысуға сұраныс Информатикадан Республикалық студенттік олимпиадаға
Университеттің мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі №86, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Математика, физика және информатика институты, тел: 8(727) 261-15-76. Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы Университет сайты: www.kaznpu.kz
Келушілер Команда жетекшісі өзімен бірге: - Жеке куәлік - Сұраныстың түп нұсқасын (печатталған, қол қойылған түрде) әкелуі тиіс. Студент өзімен бірге жеке куәлігінің және сынақ кітапшасының (түп нұсқасы) болуы міндетті. 5B011100 - Информатика мамандығы бойынша студенттердің VII Республикалық пәндік олимпиаданың БАҒДАРЛАМАСЫ 19-22 СӘУІР 19 СӘУІР, сейсенбі Қатысушылардың келуі және орналасуы
20 СӘУІР, сәрсенбі 9:00 Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу. 10:00 Олимпиаданың салтанатты ашылуы (Мәжіліс залы) 11:15 Олимпиада есептерін шығару ережелерімен және есептердің нәтижесін тексеретін программамен танысу. (ауд 404-406). 13:00-14.00 Түскі ас. 14:30-17:30 Олимпиаданың бірінші туры (ауд 404-406). 18:00 Бірінші турдың нәтижесі. 18:30 Мәдени бағдарлама. 21 СӘУ1Р, бейсенбі 10:00-13:00 Олимпиаданың екінші туры (ауд 404-406). 13:00-14.00 Түскі ас. 14:00-16.00 Мәдени бағдарлама. 16:30 Бос уақыт 17:00 Олимпиаданың салтанатты жабылуы (Мәжіліс залы)
22 СӘУІР, жұма Олимпиадаға қатысушылардың қайтуы.
Олимпиадаға қатысушының тіркелу карточкасы
Ескерту. Олимпиадаға қатысушылар тіркелу карточкасы жеке толтырады
Команда жетекшісінің тіркелу карточкасы
Ұйымдастыру комитеті 050000, Алматы қаласы, Төле би көшесі №86, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Математика, Физика және информатика институты, тел: 8(727) 261-15-76.
Факс: 8(727) 261-15-76. Телефон: 8(727) 261-15-76 - Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы 8 701 758 36 64, 8 701 731 80 68 e-mail: olimp2016infkaznpu@mail.ru.
Олимпиадаға қатысушы шығындарын жіберуші жақ көтереді.
|